|  | 

Керекті кеңес

Астанада баланы балабақшаға орналастыру үшін не істеу керек?

Балаңыз 2 жасқа толған соң оны балабақшаға орналастыру үшін не істеу керек? Қандай жағдайда балабақша кезегінен шеттетіледі? Біз оқырмандарымызға «Астана ақшамы» газетіне сілтеме жасап елордада мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұру жүйесінің жай-жапсарын назарға ұсынамыз.

Алдымен ата-ана электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, e.astana.kz электронды жүйесіне кіруі керек. Одан ке­йін баланың аты-жөні, ЖСН сияқты қажетті құжаттар толтырылады. Егер ата-ана жеңілдігі бар санаттағы азаматтар қатарынан болса, онда жүйеде қосымша тиісті құжаттар тіркеледі. Онда ата-ананың телефон нөмірі мен электронды мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

SMS-хабарлама алғаннан кейін мектепке дейінгі ұйымды таңдау үшін ата-анаға 3 жұмыс күні уақыты беріледі. Осы уақыттан кейін (4-інші күні, таңғы сағат 7:00-де) кезегінің санына қарамастан, кез келген ата-ана барлық балабақшалардағы бос орындарды көруге мүмкіндік алады. Егер ата-ана берілген уақыт ішінде мектепке дейінгі мекемені таңдап үлгермесе, олардың кезегі сақталады.

Балабақша таңдалғаннан кейін балаға жолдама беріледі. Осы жолдамамен 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйым­ға бару қажет. Егер бар­маған жағдайда 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартуға болады. Осы уақыт ішінде таңдау жасаған балабақшадағы орын сақталады.

Егер ата-ана балабақшаға жолдама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде аталған мекемеге бармай, уақытты да создырмаса, жолдама автоматты түрде жо­йылып, 10 жұмыс күні ішінде тоқтату тізіміне жіберіледі. Өтінім тоқтатылған тізімде болған кезде, жолдама алу мүмкіндігі бұғатталады. Егер өтініш беруші жолдаманың уақытын екі рет өткізіп алса, бала кезектен автоматты түрде шығарылады.

Балалар балабақшаға орналасқан сайын кезек санының азайып яки өсіп кетуі де мүмкін. Бұл жеңілдігі бар санаттағы үміткерлердің кезекке тұру немесе шығуына байланысты.

Жүйе жеті жасқа тол­ған барлық балаларды автоматты түрде кезек­тен алып тастайды. Сол сияқты ата-ана бір жыл ішінде балабақша­дан орын алуға қызы­ғушылық танытпаған жағдайда да кезек жо­йылады.

Егер 3 жаста немесе одан үлкен бала мемлекеттік тапсырыс бо­йынша жұмыс жүргізетін жекеменшік балабақшаға жолдама алған уақытта кезек нөмірі маңызды болмайды. Ал балабақша кезегінде тұрған балаңыз 4 жастан асса, шағын орталыққа тегін жолдама ала аласыз.

Сондай-ақ кез келген мектепке дейінгі ұйымға, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаға жолдама алған жағдайда да автоматты түрде кезектен алынады. Өйт­кені баланы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету қызметінің мүмкіндігі тек бір рет беріледі.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ-2019 ЖАЙЛЫ БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ

    ҰБТ-2019 ЖАЙЛЫ БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ

    20 маусым мен 5 шілде аралығы түлектер үшін қарбалас кезең. Бұл — жоғары оқу орнының грантына қол жеткізу үшін ҰБТ тапсыратын кез. Былтырғы түлектер тестке дайындалу тәжірибесімен бөлісуде. Ата-аналар «балаға дем берсе болды, қалғанын өздері де алып кетеді» деген пікірде. Грант қалай бөлінеді, талапкерлерге қандай сұрақтар келуі мүмкін, ҰБТ кестесі қандай. Осы және басқа да

  • Мамандық таңдауда мамандар қандай кеңес айтады?

    Мамандық таңдауда мамандар қандай кеңес айтады?

    Қазір талапкерлердің қалаға ағылып жатқан кезі. Бәрінің қолында үлкен өмірге жолдама беретін аттестат, яғни мектеп бітіргенін растайтын құжат бар. Бәрінің арманы – жоғары оқу орнына түсіп, маман атану. Ал мамандық таңдарда талапкерлер нені ескергені жөн? Қоғамға қажетті маман иесі атану үшін ата-анаң мен жақындарыңның ақыл-кеңесіне немесе жүрегіңнің қалауына құлақ асудың маңызы қандай? Қазақ қоғамы қазіргі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog