|  | 

Жаңалық

Астананың 1000 мұғаліміне 1 млн теңгеден беріледі

Астана әкімдігі мектеп мұғалімдеріне 1000 тұрғын үй куәлігін беруді көздейді. Әрбір куәліктің мөлшері – 1 миллион теңге. Оны баспананың алғашқы жарнасы ретінде пайдалану қажет. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

Қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, өткен жылы елордада 100 адамға тұрғын үй куәлігі табысталды. Оның ішінде 80-ге жуығы – мұғалімдер.

«Негізі, аталған шараның негізгі мақсаты да сол, мұғалімдерді қолдау, олардың тұрғын үй мәселесін шешу. Биыл Астана әкімдігі 2000-ға жуық тұрғын үй куәлігін таратуды көздейді. Соның жартысы мұғалімдерге арналған», – деді Ә.Жанғозин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында қала әкімі Бақыт Сұлтанов 100 адамға тұрғын үй куәліктерін табыстаған болатын. Әрбір куәліктің мөлшері – 1 миллион теңге. Аталған ақшаны ипотекалық баспананың алғашқы жарнасы ретінде қолдану қажет. Ал пәтерді үш айдың ішінде табу қажет. Демек, осы жылы наурыздың аяғына дейін пәтер табылмаса, ақшаны бюджетке кері қайтаруға тура келеді.

«Бұл «7-20-25» бағдарламасы емес. Дегенмен, банктің ішкі шарттары соған ұқсас. Салымшы алғашқы жарнаның 20 процентін жинауы тиіс. Содан кейін 7 проценттік ипотека 25 жылға беріледі. Бірақ пәтерді үш айдың ішінде тауып, ипотеканы рәсімдеп алу қажет. Үй жаңа тұрғын үйден алынуы шарт. Әйтпесе, әкімдіктің ақшасы бюджетке кері қайтарылады. Әзірше ол ақша арнайы есепшотта жата береді. Барлық шарттар орындалғаннан кейін есепшот ашылады да, алғашқы жарна ретінде салымшының қаржысына қосылады», – дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Астана қаласындағы орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    Солтүстік Қазақстан облысында биыл үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген білім мекемелері күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл облыстағы мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі 12 есеге ұлғаймақшы. 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бағытталады.  Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.

  • Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында қазіргі таңда оқушыларды үш ауысыммен оқытатын 34 мектеп бар. Мәселені шешу үшін биыл – 7, келер жылы 15 мектеп пайдалануға берілмек. Алматы облысы тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, өңір республикадағы халқы көп аймақтың біріне айналды. Ішкі миграция мен халықтың табиғи өсімі салдарынан облыстың кейбір аудандарында оқушыларды үш ауысымда оқытуға тура келіп отыр. «Бұл

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog