Home Жаңалық Қазақстандық оқушылар байқауға қатысу арқылы грант ұтып ала алады

Қазақстандық оқушылар байқауға қатысу арқылы грант ұтып ала алады

0
Қазақстандық оқушылар байқауға қатысу арқылы грант ұтып ала алады

Қазақстандық мектеп оқушыларына «iTest: Ең үздік нәтиже» байқауында грант ұтып алу мүмкіндігі беріліп отыр.

«Қазақстанда алғаш рет мектеп оқушыларына арналған республикалық «iTest: Ең үздік нәтиже» сайысы басталды. Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларына бірегей мүмкіндік беретін байқауды Bilim Media Group компаниясы ұйымдастыруда. Басты мақсат –  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізу, ҰБТ-ға пайдалы ресурс арқылы дайындалып, сәтті тапсыруға ынталандыру», – делінген Білім және ғылым министрлігі мәліметінде.

Белгілі болғандай, аталған байқауға Қазақстан азаматы болып тіркелген 9, 10, 11-сынып оқушылары және орта білім беретін арнайы мекемелердің 1-курс студенттері қатыса алады.

«Қатысушылар үшін арнайы сый қарастырылған, яғни үздік жоғарғы университеттердің бірінен оқу гранты (тек 11 сынып оқушыларына қатысты) берілмек. Одан бөлек, қатысушыларға арналған түрлі бағалы сыйлықтар да ойнатылады», – делінген таратылған хабарламада.

Байқау онлайн форматта itest.kz платформасында өтеді. «iTest: Ең үздік нәтиже» сайысы   2019 жылдың 1 ақпанынан осы жылдың 20 маусымына дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен сайыс нәтижелерін жариялау салтанаты 2019 жылдың 21 маусымында өтеді.

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here