|  | 

Білім жарысы

1 минутта 132 000 сөз оқитын таланты қыз жайлы не білеміз?

Елдің есінде болса, екі жыл бұрын Адина атты қыз отандық телеарналардың бірінен ерекше қабілетімен жалт ете қалған болатын. Өткен жылы 15 жастағы сүйкімді жеткіншек «Россия-1» телеарнасының «Удивительные люди» шоуында көрермендерді таңғалдырып, 35 секундта 18 беттен тұратын мәтінді оқып, мазмұнын мүдірмей айтып бергені есте. Бұл қабілет пе, әлде құбылыс па?!

Сол жолы ресейлік телебағдарлама Адинаның қабілетін тексеру үшін әйгілі «Волшебник Изумрудного города» кітабынан үзінді алып, кейбір сөйлемдерін өзгертіп, өзіндік сынақтарға барғаны есте. Адина мұндай қитұрқы төрт сұрақтың үшеуіне дұрыс жауап берді.

Айтқандай, Адинаны «Таңғажайып адамдар» шоуы шақырар алдында ұйымдастырушылар бір қулыққа барады. Редактор экраннан бір мәтінді көрсете бергенде, байланыс үзіліп қалады. Сосын мәскеуліктер қайта хабарласып, мәтінді қайта көрсетпек болғанда, Адина өзінің оқып үлгергенін айтады. Осы жалғыз жауап елден ерек жеткіншекті әйгілі бағдарламаға бастап апарады.

Әрине, осыдан кейін отандық сайттар бұл қыз туралы жарыса жазды. Алдымен Адина Манатбекова болып танылған дарынды қыз тегін өзгертіп, қазір Нұрланбаева болып жүр. Мұның себебін түсіндіруге аса құлық таныта қоймады.

Сонымен, бір кезде кітап оқуға қызықпайтын кәдімгі Адинаны жылдам оқудан Қазақстан чемпионы дәрежесіне дейін жеткізген анасы – Ардақ.

– 2016 жылы маусымда анам мені Жылдам оқу үйірмесіне жазып қойғанын айтқанда, қарсы болғаным жоқ. Өйткені анама менің кітап оқуға құлықсыздығым ұнамайтын. Кітап оқысам болды, ұйқым келе бастайды. Үйірмеге осы жалқаулығымды жеңу үшін бардым, – дейді сөздері пайымды қыз.

Адинаға ата-аналардың баласын табысқа, білімге жетелеудің классикалық үлгісі деп те қарауға болады.

Ол 3 жасынан бастап анасы «Focus» биге жетелеп апарған бала. Ал 4 жасында фортепианода ойнай бастайды. Өйткені фортепиано да кез келген музыка құралы сияқты үлкен өнерге жетелейтін және бүкіл өміріне арқау болатын жол. Одан кейін 5 жасында шахмат ойнап, ойлау, пайымдау, шешім қабылдау өнеріне машықтанады. Әрине, 6 жасында мектепке барған бүлдіршін өз ортасында суда жүзген балықтай болады.

Осыдан кейін 8 жасында мемлекеттік «Гүлдер» би ансамбліне бірінші сынақтан сүрінбей қабылданады.

Жоғарыдағы үйірменің нәтижесінде жылдам оқудан Қазақстан чемпионы дәрежесіне жеткен жеткіншек 2017-2018 оқу жылында «Қазақстанның 100 дарынды оқушысы» кітабына енді. Адина 2016 жылы минутына 94 мың сөз оқитын болса, қазір минутына 132 мың сөз оқи алады. Ең бастысы, мазмұнын түсініп, есте сақтай алатын қабілетке ие.

Шындығында, дарынды оқушы 1 сағатта тілі жеңіл 500 беттік кітапты оқи алатын қабілеті бар. Өз еркіне салғанда психология, медицина жайлы кітаптарды көбірек оқиды. Мүмкін бұл болашақта дәрігер боламын деген армандарының бастауы болар.

– Жылдам оқу әдісін әртүрлі тәсілдермен меңгеруге болады. Соның бірі – алақанды қойып оқу. Ал маған сканер әдісі ұнайды. Шульте кестесі өте тиімді. Кітапты ирек із, құрбақа секірісі, көлденең жолмен оқуды үйрендім. Жылдам оқуды шындап үйренгісі келген адам үйірмеге бармай-ақ, интернеттен Шульте кестесі арқылы да меңгере алады, – дейді Адина Нұрланбаева.

Қысқасы, редакцияға әжесімен бірге келген әдемі қыз еңбекпен келген ерен талантымен бізді де таңдандырып барып, сабағына жүгіріп кетті. Жылдам оқу дегенде ол мәтінге жолма-жол көз жүгіртпейді, мазмұнын «сканерлеп» қабылдайтын қабілетке ие.

 

Айнаш ЕСАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді

    Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді

    Нәтижесінде 60 оқушыға жылдық “QAZBILIM” гранты беріледі.  Білім – таза бизнеске айналмауы керек, бұл – біздің орталықтың басты ұстанымы. Қазбілім – қазақ баласына мүмкіндік сыйлауы керек, бұл – Қазбілім ұжымының басты мақсаты. Осы мақсатта үш жылдан бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеміз. Ол мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау

  • Семейлік оқушының зерттеу жұмысы Ресейден жүлдемен оралды

    Семейлік оқушының зерттеу жұмысы Ресейден жүлдемен оралды

    Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ришат Еркінбек ХХ бүкілресейлік жоғары сынып оқушыларының байқауынан жүлделі оралды 10-сынып оқушысы «Ғылым мен техникадағы жас зерттеушілер» атты зерттеу жұмыстары байқауына «Желілік эрозия» атты жобасымен қатысты. Ол осы арқылы тиісті сала мамандарының назарын Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылындағы жыралардың пайда болуы мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне аударғысы

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog