|  | 

Керекті кеңес

Мектеп киім үлгісі ұлттық дәстүрді негізге алуы керек – Сенат төрағасы

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі киім үлгілеріне қатысты пікір білдірді.

«Жастардың дінге байланысты қарым-қатынасы біздің назарымыздан тыс қалып жататын маңызды мәселелердің бірі. Қазақстан барлық дәстүрлі діндерге төзімділікпен қарайтын зайырлы мемлекет болып табылады және алдағы уақытта да солай бола беретіні анық. Әр үш жыл сайын елорда төрінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі барша өркениет өкілдерінің басын қосатын жаһандық деңгейдегі бірегей бастама. Еліміздегі әрбір жас азамат өзінің діни сенімінен тыс мемлекетке, оның заңдары мен нышандарына құрметпен қарауы тиіс», – деді Сенат төрағасы Жастар жылының мақсаттарына арналған дөңгелек үстелде.

Спикердің пайымынша, мектептердегі жүріс-тұрыс әдебі және киім кию үлгісі халықаралық тәжірибені, ең бастысы, халқымыздың ұлттық дәстүрлерін негізге алуы керек.

«Шын мәнінде біз шетелден келген жалған діни стереотиптерді емес, ұлттық дәстүрлерімізді арқау етуіміз тиіс. Бүгінгі таңда діни сеніміне бола, балаларды білім алу мүмкіндігінен айырып, олардың білім көздерінен қол үзуіне мәжбүр болған жағдайлар орын алып отыр. Менің ойымша, бұл мәселеде әлі де толыққанды шешім табылған жоқ. Сондықтан осы күрделі мәселе жөнінде келісілген және орынды шешім табуы үшін Парламент пен Үкіметті бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Руслан Ғаббасов

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс – маман пікірі

    Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс – маман пікірі

    Қазақстанға кемінде 10 мың бағдарламашы, ІТ-маманы қажет. Бұл туралы Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы айтты. «Қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім саласында көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Сол атқарылып жатқан жұмыстардың басы-қасында жүрген біздің компания да бұл іске өз үлесін қосып отыр. Бүгінгі күні цифрлық білім дәрежесін көтеру мақсатында ең бірінші

  • “Болашақ” бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық

    “Болашақ” бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық

    “Болашақ” бағдарламасының биылғы жылғы алғашқы иегерлері белгілі болды. 134 қазақстандыққа стипендия тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында белгілі болды. Шәкіртақы иегерлері магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog