|  | 

Ұстаз үні

Ақтөбелік ұстаздар «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына өз ұсыныс-пікірлерін білдірді

“Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі”. Мағжан Жұмабаев ұстаздың беделін осылай биіктетіп, өсиет еткен. Ал қазір педагогтың мәртебесі төмендеп кетті. Мұны өздері де мойындайды. Ақтөбелік ұстаздар «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Былтыр мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауындағы “Педагог мәртебесі туралы” заң қабылдау жайындағы ұсынысы ұстаздар қауымын қуантқаны анық. Ақтөбедегі ұстаздар да заң қабылданса, «мәртебеміз артып, беделіміз көтеріледі» деп үмітті. Педагогтардың сөзінше, қазір жастар мұғалім болудан қашады. Себебі, қағазбастылық, оқушының бассыздығы, басшының қатаң талабы, ата-ананың килігуі шошындырады. Өңірдегі Теректі мектеп-балабақшасының директоры Әлия Атшыбаеваның 35 жыл педагогикалық өтілі бар. Айтуынша, қазір ұстаздың беделі өте төмен. Мұғалім мәртебесін арттыру үшін көптеген жұмыстары жасалуы қажет.

«Мұғалімнің беделі қоғам алдында төмендеп кетті. Ұстаздың қадірі аз. Иығымен қағып өту, түрлі бейне жазбаға түсіру, қорқытып-үркіту, тілдеу. Қазір барлығы мүмкін. Мұғалімді қорғайтын заң жоқ. Осыны көргеннен кейін жастар мұғалім болудан қашады. Жалақы төмен, жастар келмейді. Алдымен, әлеуметтік жағдайлары дұрысталуы керек. Білікті маман ғана балаға білім, тәрбие беру шарт. Мұғалім өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Қазір ғаламтор дамыған заманда кей оқушының білімі мұғалімнен артып тұратындары да кездеседі. Дәрігерлер адамның денсаулығына жауап беруі үшін 5 жыл сайын білімдерін жетілдіреді ғой, ұстаз болашақ ұрпақтың, қоғамның тәрбиесіне жауапты. Кәсіби біліктіліктерін 5 жыл сайын жетілдіріп отырса, оған жағдай жасалса деген тілек бар»,-деді Әлия Атшыбаева.

Ал, Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектептің директоры Асқар Күштаев «бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы үш бірліктің жұмыс нәтижесі жоғары болады» дейді.

«Ата-ана, оқушы, ұстаз бірігіп, жұмыс жасаса, нәтиже жоғары болды. Заң жобасында осы мәселе қаралса деймін. Мүмкін осы үш жақты міндеттейтін талаптар енгізілер. Себебі, балаға алдымен тәрбие, кейін білім беріледі. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін күш біріктіруіміз қажет. Жастарды да осы мамандыққа қызықтыра білуіміз керек. Мұғалімнің мәртебесі аса төмендеп кетті деп ойламаймын. Дегенмен, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданса, кереемет болар еді»,-деді №13 орта мектептің директоры Асқар Күштаев.

“Педагог мәртебесі туралы” заң жобасына мұғалімдердің зейнет жасын әскери қызметкерлер секілді азайту туралы бөлім енгізілгенін қалайды. Жылына бір рет келетін еңбек демалысында «шипажай немесе емдеу мекемелеріне жолдама берілсе» деген тілектерін де білдірді.

Әсел АБАТ
BAQ.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Алимов. Оқушылардың бірін-бірі үйретуі

    Асхат Алимов. Оқушылардың бірін-бірі үйретуі

    Оқушылардың бірін-бірі үйретуі – үйренудің ең тиімді амалдарына жатады. Бұл әдістің тиімділігі «Бефель» лабораториясының зерттеулері бойынша 90% құрайды, ал Джон Хэттидің метатанымдық зерттеулері бойынша ол үйрену мен оқуға жағымды ықпал жасайтын 800 факторлардың алғашқы ондығына кіреді. «Бір нәрсені үйренгің келсе – оны өзгелерге айтып бер!» деген ұғым осыдан да шыққан болар. Атақты ғалым Альберт Эйнштейннің

  • Білім саласы жүйелі жүргізілуде ме?

    Білім саласы жүйелі жүргізілуде ме?

    Білім беру жүйесін жаңғырту – бүгінгі заман талабы, адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі – білім беру мекемелерін оңтайландыру. Екіншісі – оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Ал үшіншісі – білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog