|  | 

Жаңалық

Семейде мектеп оқушысы кәсіпкер атанды

Семейде мектеп оқушысы жиһаз жасайтын кәсіпорын ашты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей қаласының оқушылары арасында кәсіпкерлікті насихаттау үшін жыл сайын «Startup Battle»  атты конкурс өткізеді. №30 жалпы білім беретін орта  мектептің он бірінші сыныбында  оқып жүрген семейлік Надир Сабитов конкурстың грантын жеңіп алып, қаңқасыз  жиһаз жасаудан өз бизнесін ашты.

«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторына қарасты «Fox» орталығының  тренингтеріне қатысу кезінде маркетинг, сату және дизайн туралы алған білім маған Семей нарығына кіруге көмектесті. Қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз», – деді Н. Сабитов.

Оның цехы шығаратын пуф-қаптарға деген сұраныс жоғары. Қазір жас кәсіпкердің қарамағында үш адам бар: екі тігінші және көмекші. Надирдің айтуынша, көп ұзамай Өскемен мен Павлодар тұрғындары оның өнімдерін сатып ала алады. Содан кейін жас кәсіпкер Қазақстан нарығын  бағындырып, ТМД елдеріне шығуды жоспарлап отыр.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    Солтүстік Қазақстан облысында биыл үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген білім мекемелері күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл облыстағы мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі 12 есеге ұлғаймақшы. 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бағытталады.  Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.

  • Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында қазіргі таңда оқушыларды үш ауысыммен оқытатын 34 мектеп бар. Мәселені шешу үшін биыл – 7, келер жылы 15 мектеп пайдалануға берілмек. Алматы облысы тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, өңір республикадағы халқы көп аймақтың біріне айналды. Ішкі миграция мен халықтың табиғи өсімі салдарынан облыстың кейбір аудандарында оқушыларды үш ауысымда оқытуға тура келіп отыр. «Бұл

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog