|  | 

Жаңалық

200 оқу орны 1-2 мамандық бойынша жаңа құрал-жабдықтармен қамтылады – Е.Сағадиев

«Осы бағдарлама аясында екі жүз оқу орны, нақтырақ айтсақ, 20 жоғары оқу орны мен 180 колледж 1-2 мамандық бойынша жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталады» деді министр.

Бұл оқу орындары білім берумен қатар 1-2 мамандық бойынша басқа оқу орындары үшін құзырет орталығына айналатынын еске салған ведомство басшысы, жаңа құралдар сатып алып, шетелдік әріптестермен кооперацияны және жаңа оқу бағдарламаларын дамыту қажет екеніне тоқталды.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» палатасымен бірге 100-ден аса қажет маманды анықтайды, олар білім беру ұйымдары үшін сатып алатын жабдықты таңдауға негіз болады.

Жабдықты сатып алу механизмі дайын. Лизинг тетігі арқылы қаржыландыру 7 жылға беріледі, «БРК-Лизинг» үшін сыйақы жылына 11 %-дан аспайтын болады.

Колледждер лизингті төлеу үшін 7 жыл ішінде ақшаны толық алады деп жоспарланып отыр. ЖОО-ларға лизинг төлемі бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу әзірше қаралмаған. Өйткені, біз оларға былтырғы жылы барлық техникалық мамандықтар бойынша грант бағасын үш жүз қырық бес мыңнан 600 мыңға дейін көтердік» деді Ерлан Сағадиев.

Бағдарлама аясында жаңаруға тиісті жабдықтар мен техникалар тізімін «Атамекен» ұлттық палатасы және «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамының келісімі бойынша «Кәсіпқор» холдингі бекітетін болады.

Министрдің айтуынша, қатысудың міндетті шарты – колледждер үшін 5%, жоғары оқу орындары үшін 10% қоса қаржыландыру болады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Кәсіпқор» холдингі шетелдік және отандық мамандарды тарту бойынша шаралар қабылдайды. Колледждер үшін мамандар 2 оқу жылына дейін тартылатын болады. Жалпы, 3 жылда бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 57,9 млрд теңге бөлу талап етіледі.

Биыл – 8,0 млрд теңге – лизинг төлемдерді өтеуге 7,3 млрд теңге, шетелдік және отандық мамандарды тартуға 0,7 млрд теңге қажет. Ал 2020 жылы 27,8 млрд теңге – лизинг төлемдерді өтеуге 16 млрд теңге, шетелдік және отандық мамандарды тартуға 1,88 млрд теңге, «Лизинг» БРК капиталдандыруға 10 млрд теңге; 2021 жылы – 22,1 млрд теңге – лизинг төлемдерді өтеуге 16 млрд теңге, шетелдік және отандық мамандарды тартуға 1,17 млрд теңге, «Лизинг» БРК капиталдандыруға 5 млрд теңге жұмсалады.

«Жас маман» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 3 жыл ішінде 20 ЖОО мен 180 колледждің негізгі мамандықтарын жаңғырту жүзеге асырылатын болады, заманауи жабдықтардың 400-ден астам жиынтығы сатып алынды, 210 мыңнан астам білікті кадр даярланып, 15 мыңнан астам оқытушы біліктілігін арттырады» деді Білім және ғылым министрі.

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    Солтүстік Қазақстан облысында биыл үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген білім мекемелері күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл облыстағы мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі 12 есеге ұлғаймақшы. 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бағытталады.  Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.

  • Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында қазіргі таңда оқушыларды үш ауысыммен оқытатын 34 мектеп бар. Мәселені шешу үшін биыл – 7, келер жылы 15 мектеп пайдалануға берілмек. Алматы облысы тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, өңір республикадағы халқы көп аймақтың біріне айналды. Ішкі миграция мен халықтың табиғи өсімі салдарынан облыстың кейбір аудандарында оқушыларды үш ауысымда оқытуға тура келіп отыр. «Бұл

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog