|  | 

Ұстаз үні

Педагогтің кестесін жасауға бір әдістемелік күн берілуі керек

Елбасының «Қазақстандық­тардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөлінді. Ал қостанайлық мұғалімдердің пікірінше, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын қабылдау жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Эльмира Шауенова – С.Мәуленов атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 23 жыл үздіксіз мектепте жұмыс атқарып келеді. Жоғары санатты мұғалімнің облыстың «Үздік педагогі» деген атағы және бар. Оның айтуынша, мұғалім мәртебесі туралы заң дер кезінде қабылданды.

«Біздің жас кезімізде қоғамдағы ең сыйлы адам – мұғалім деп түсінгендіктен, бар ынтамызбен осы жолды таңдадық. Өкінішке орай, біз еңбек жолын бастаған кезде мұғалім мәртебесінің қадірі кете бастады. Мұны мойындау қажет. Дегенмен де, қызығы мен қиындығы қатар жүретін жұмысты ағарту жолы деп, ұрпағымыздың ұлықты болуы үшін атқарып келеміз. Бүгінде мұғалім мамандығын жоғары білімі бар кез келген түлек таңдайтын болды. Сондықтан да педагог мәртебесі туралы заң мемлекетіміздің дер кезінде жасап отырған қолдауы деп түсінемін. Бұл заңда мұғалімнің апталық жүктемесін 16 сағатқа азайту, негізсіз қағазбастылықтан арылту, жергілікті әкімдік тарапынан еркінен тыс тапсырмаларды орындаудан босату секілді жағымды жаңалықтар көңіл толтырады», – деп ой бөлісті тәжрибелі ұстаз.

Аталмыш заңда зейнеткерлік жасты еңбек өтіліне сай бекіту, яғни, оқу орнында оқыған жылдарын қоса есептегенде 30 жылдық өтілмен зейнетке шығу мүмкіндігін ұсыну да дұрыс ойластырылған. «Мұның тиімді тұсы көп. Негізі жасы 50-ден асқан мұғалімдердің дені қазіргі жаңартылыған білім беру мазмұнына сай білім беру жағдайында толыққанды жұмысты жоғары ынта-жігермен атқара алмайды. Денсаулығы сыр беруі мүмкін, экологиялық мәселелерге байланысты ұмытшақтық қасиет пайда болуы мүмкін. Ал ынтасы жоқ адамнан сапалы білім беруді ұйымдастыру шығуы екіталай. Бұл да біздің болашағымызды тәрбиелеуге нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл заңда осы жағы ұтымды қарастырылған», – деп түсіндірді Эльмира Шауенова.

«Педагог мәртебесі» заңының жобасы талқыға түскелі С.Мәуленов атындағы гимназиясында кәсіби әңгімелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып келеді. Еңбек өтілі жоғары педагогтер жергілікті телеарналарда сұхбат беріп, кездесулерде жас мамандардың пікірлері тыңдалды.

«Қазіргі заманауи білім беру жағдайында тек сабақ берумен шектеліп отыра алмайсың. Түрлі деңгейдегі байқаулар күнделікті келіп жатады. Дарынды оқушыларды пән олимпиадаларына дайындау, ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындау, сонымен бірге өзіңнің де кәсіби деңгейіңді көтеру үшін шығармашылығыңмен бөлісу, оқу-әдістемелік құралдарын жазу, кәсіби байқауларға қатысу сияқты толып жатқан жұмыстар бар. Сол себепті әр мұғалімде осы істермен айналысуға сабақ кестесін жасағанда 1 әдістемелік күн берілуін ұсынар едім», – деп ұсынысын айтты қостанайлық мұғалім.

Қасқырбай Қойшыманов

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалім жалақысын есептеудің индикаторы өзгеруі керек – Айгүл Мұқашева

    Мұғалім жалақысын есептеудің индикаторы өзгеруі керек – Айгүл Мұқашева

    Қазақстан білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева ертең Тамыз кеңесіне Мемлекет басшысының қатысуы педагог мәртебесін көтеруге жасалған елеулі қадам екенін айтты. «Педагог мәртебесін реттейтін заң жобасы ұстаздар қауымы көптен бері қордаланып қалған мәселелерді шешеді деген үмітпен отыр. Заң жобасы қазір Үкіметке түсті. Үкіметтен кейін Парламент талқысына түседі. Ертең республикалық тамыз

  • Қазақ мектебі қандай болуы керек?

    Қазақ мектебі қандай болуы керек?

    Білім саласынан алыстап кетсемде осы салаға жаным ауыра береді. Өйткені елдің ертеңі тек білім беру саласына байланысты. Білім беру ісінің дұрыс жолға қойылған елдің болашағы жарқын боларын бізден бұрын елім деген ерлердің айтып кеткені белгілі. Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Бас мұғалімнің орнына білімді, білікті жас, бас мұғалімдіке лайықты адам келді деп мұғалімдеріміз қолдарын соғып,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog