|  | 

Ұстаз үні

Педагогтың құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде бекіту маңызды

Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінің директоры Сәния Шәріпова педагогтың ерекше мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттерін бекіту қажеттілігі туралы пікірін білдірді.

Көп жылдық еңбек өтілі бар педагогтың атап өтуінше, талқыланып отырған заң жобасы – барлық мұғалімдер қауымы үшін көптен күткен оқиға. «Бұл қаншама рет талқыланып, көп ұсыныстар жасалған мәселе. Салыстыра тексерілген, жан-жақты пысықталған қазіргі заң жобасы білім және еңбек кодексі туралы заң негіздерін жинақтады. Ол көбіне жас мұғалімдерге жолданған. Ондағы позитивті сәттердің бірі – әскерге шақырылу мерзімін ұзарту. Мұғалім болып көбіне әйел адамдар қызмет ететіні құпия емес, бұл салада жас ер азамат мамандар аз. Өзіміз де осындай жағдайға тап болғанбыз. Мектебімізге жас маман психолог болып жұмысқа орналасты. Бір жыл қызмет етіп, оқушылармен де, ата-аналарымен де жақсы байланыс орнатып үлгерді. Жұмысының жақсы нәтижелерін көрсете бастағанда, әскер қатарына шақыртылды. Заң жобасына әскерге шақыру мерзімін ұзарту бойынша енгізілген жаңалықтар жас мамандарға өз әлеуетін іске асыру мұмкіндігін беріп отыр», – дейді Сәния Шәріпова.

Ол сондай-ақ тәлімгерлік үшін ақы төлеу жоспары енгізілетінін атап өтті.  Педагогтың пікірінше, бұл заң жобасы қоғам үшін де маңызды. Себебі Сәния Шәріпованың айтуынша, педагогтың моральдық, заң тұрғысынан қорғалуы жағынан көптеген өзекті мәселелер жинақталған.

«Қазіргі кезде ұстаздарды мектеп оқушыларына қалай білім беру, олармен қалай сөйлесу керек екенін үйреткісі келетін адамдар өте көп. Ал бұрын ұстаз айтқан сөздің салмағы бар еді. Сондықтан бүгінде педагогтың ерекше мәртебесін, оның құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде бекіту маңызды болып табылады», – деп түйіндеді ол.

Авторы: Жанна Мұсабаева

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ОНДАЙ БОЛМАҚ ҚАЙДА ДЕП, АЙТПА ҒЫЛЫМ СҮЙСЕҢІЗ…

    ОНДАЙ БОЛМАҚ ҚАЙДА ДЕП, АЙТПА ҒЫЛЫМ СҮЙСЕҢІЗ…

    Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! Мағжан ақын осылай жырлап еді. Биыл – Жастар жылы. Жас ғалымдардың еңбегі еленіп, өнері бағаланып жатыр ма? Ел тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақтың мықты-мықты ғалымдарының көбі күнкөрістің қамымен «базар» жағалап кетті. Нарыққа «көндіге» алмағандары шекара асып, шетелді сағалады. Оған да «жарамағандар» тиын-тебенге телміріп қалды. Содан

  • Қазаққа ақын керек пе, технократ та керек…

    Қазаққа ақын керек пе, технократ та керек…

    «Қазаққа кім керек?». Оқырманға дәл осылайсауал тастаған едік. Бұған академик Асқар Жұмаділдаевтың «Қазаққа ақын керек пе, технократ керек пе?» деген пікірі түрткі болды. Сауалымызға елге белгілі қаламгерлеріміз де, IT мамандары да үн қатты. Бүгін белгілі ақын, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы редакциямызға қоңырау шалып, өз пікірімен бөлісті. – Академик Асқар Жұма­ділдаевтың сұхбатын оқып шық­тық.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog