|  | 

Жаңалық

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі Елордалық 1000 балаға сыйлық жасады

Елордалық 1000 бала Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігінен арнайы сыйлық алды.

«Мейірім шуағы» қайырымдылық акциясының аясында ерекше білімді қажет ететін, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға сыйлық таратылды. Мың балаға сыйлықты БАӘ төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмат Әл-Жабир тарту етті.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова бұл акция БАӘ елшігінің бірінші шарасы емес екенін атап өтті.

«Қымбатты балалар, бүгін БАӘ елшілігінің қаламыздағы талантты оқушыларға сыйларын тарату үшін жиналдық. Қайырымдылық – адамның ең басты қасиеттерінің бірі. Осындай акцияларды қолдайтын, қамқорлықты қажет ететін адамдарға әрқашан қол созып, көмек көрсететін БАӘ елшілігіне алғысымыз мол. Астана қаласында 2016-2018 жылдары елшілік 2 мектеп салып берді. Міне, жаңа жылда да сіздерге сыйлық таратып жатыр», – деді қала әкімінің орынбасары.

Малика Бектұрова БАӘ-нің төтенше және өкілетті елшісіне және елшілікке Астана қаласы әкімінің атынан алғыс хат тапсырды.

«Ең біріншіден сіздердің жандарыңызда болғаныма қуаныштымын. Екі елді және БАӘ президенті Халифа ибн Зайд Ал Нахайян мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты бауырмалшылдық, өте тығыз достық қарым-қатынас байланыстырады. Менің сіздерге айтатыным, ата-ананың балаларға арнаған көңіл-күйі – ең жақсы сезім. Өйткені білім жолы бірден-бір және ең жақсы жол. Білім – Қазақстанды қандайда бір жетістіктерге апаратын жол. Биыл 2019 жылы БАӘ-де толерант жылы деп аталды. Қазақстанда да бірнеше ұлт өте бейбіт, толерантты өмір сүріп жатыр. Сондықтан елшілік Нұрсұлтан Назарбаевтың толеранттылыққа бағытталған барлық іс-шарасын  қолдайды», – деді БАӘ төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмат Әл-Жабир

Автор: Рахиля БЕКНАЗАРҚЫЗЫ
“Baq.kz” сайтынан алынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

    Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

    М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалына жеке ғимарат беру керек. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Бақытжан Жұмағұлов айтты. Қазақстандық филиалдың қызметін одан ары заңнамалық тұрғыда бекіту мақсатында 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының қызметі туралы келісімге қол

  • Сенатор Қазақстандағы ЖОО-лардың білім сапасын сынады

    Сенатор Қазақстандағы ЖОО-лардың білім сапасын сынады

     Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір елімізде 128 жоғары оқу орны бар, олардың 82-сі университет мәртебесіне ие болып отыр.  Дамыған Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде 320 мың адамға бір жоғары оқу орынынан келетін болса, бізде 141 мың адамға бір ЖОО-дан келеді», – деді депутат. Оның

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog