|  | 

Жаңалық

Мектеп асханасының мәзіріне құрт пен ірімшікті қосу ұсынылды

Астана оқушылары ата-аналарының комитеті мектеп асханасының ас мәзіріне құрт пен ірімшікті қосуды ұсынды, деп хабарлайды Қазбілім «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Белсенділер партиялықтарға мектептердің ас мәзіріне құрт пен ірімшік сияқты қазақтың ұлттық тағамдарын енгізуді ұсынды. Ынталы топтың мүшесі Гүлнәр Омарованың айтуынша, егер оны әдемілеп орап берсе, балалар сүйсініп жейтін  тағамдардың бірі болады.

Кездесудің қорытындысы бойынша партия хатшысы Илья Теренченко белсенділердің көтерген мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, бастамашы топ мүшелерінің 14 қаңтардан өз жұмысын бастайтын республикалық мониторинг тобының құрамына енетінін хабарлады. Оның айтуынша, «Мектеп асханалары» жобасының аясында ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін партиялықтар мыңға жуық мектеп асханаларына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.

«Біздің мақсатымыз – барлық тараптарды қанағанттандыратын ас мәзірін қалыптастыру, сондай-ақ, мектептердегі тамақтандыратын жерлерде өткізуге болмайтын азық-түліктің сатылуына жол бермеу. Келешекте партиялықтар елордада жинақтаған тәжірибелерін өңірлік филиалдармен бөлісетін болады», – деді И.Теренченко.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін – Н.Назарбаев

    Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін – Н.Назарбаев

    Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде айтты. «Біз әлемдегі озық дамыған  50 елдің қатарына қосылдық. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Мақсатымыз – озық дамыған 30 елдің қатарына ену. Біз қираған КСРО-ның орнында заманауи нарықтық экономикасы бар, табысты  Қазақстан мемлекетін

  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Ардақты ағайын! Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері! Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес. Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog