|  | 

Керекті кеңес

Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу жайлы Білім министрлігінің бұйрығы бар ма?

Жуырда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «Білім министрлігің бұйрығына сәйкес, енді сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15833 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарай бастаған еді. Бүгін мұның анық-қанығын БАҚ-қа арналған брифингке қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың өзінен сұраған едік. – деп жазды zhaikpress.kz сайты.

– Әлеуметтік желі арқылы тараған барлық ақпаратқа сене беруге болмайды. Сабақтан қалған балаларға айыппұл салу жайлы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ешқандай бұйрығы жоқ. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстегі 127-бап бойынша бала себепсіз 10 күннен астам мектепке келмесе, алдымен ата-анасымен жұмыс жасалынады. Тағы да қайталанса, мектептің ұсынысымен кәмелетке толмағандар ісіне арналған комиссияда қаралады да, әрі қарай полиция департаментімен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салынып жатыр деген жалған мәлімет. Бұған министрліктің қатысы жоқ, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы» деген 127-бабының 1-тармағында «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген. Ал осы баптың 2-тармағында «Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады» деп көрсетілген.

Сондай-ақ бала мектепке мүлдем бармаса Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің «Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу» туралы 409-баптың 2-тармағында «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – ескерту жасауға немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген.

Сабаққа мүлдем қатыспай жүрген баланың мәселесі бойынша жергілікті полиция департаменті хаттама жасап, сотқа жолдайды. Ары қарай жоғарыда аталған баптар бойынша тиісті жауапқа тартылады.

 

Нұрлыбек Рахманов
суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов
zhaikpress.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • “Ағылшын тілінде оқытуды мектеп пен мұғалімдер дайын болған кезде ғана жүргізе бастаймыз”

    “Ағылшын тілінде оқытуды мектеп пен мұғалімдер дайын болған кезде ғана жүргізе бастаймыз”

    БҚО-ға келген жұмыс сапарында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осылай деді. -«Білім саласында көптеген өзгерістер болып жатыр, сол өзгерістерді жүйелі нәтижеге жеткізу керек» деп Елбасы айтқандай, білім саласында атқарылатын жұмыс көп,-деп бастады сөзін Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова. –Алдымыздағы үш жылдың ішінде елімізде 190 мектеп салынады. Ең бірінші апатты жағдайда тұрған және үш

  • “Қызға қырық үйден салынатын тыйым”. Ол қандай?

    “Қызға қырық үйден салынатын тыйым”. Ол қандай?

    Қазақта “Қызға қырық үйден тыйым” деп аталатын тәрбие бар. Яғни, қыздарымыз мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек . Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым. Талтайып отыруға тыйым. Шалқайып жатуға тыйым. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлау. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog