|  | 

Керекті кеңес

Магистратура және докторантураға оқуға түсу ережесі өзгертілді

Біріншіден, магистратураға гранттар келесі жылдан бастап үміткерлердің бірыңғай емтиханының қорытындысы бойынша бөлінетін болады.
Егер осыған дейін магистратураға гранттар ЖОО берілген болса, және олар өздері тапсырма дайындаған, өздері емтихан өткізіп, түсту туралы шешімді өздері қабылдаған болған, енді GMAT форматы бойынша бірыңғай емтихан болады. Яғни үміткерлерге Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін кешендік тестілеуден өту керек.
Осы тестілеудің нәтижесі бойынша білім беру бағдарламалары тұрғысында жиналған баллдар бойынша саралау жүргізіліп, жоғары балл жинаған талапкерлер грант алады, сәйкесінше ерікті түрде өзі ЖОО таңдайтын болады.
Осылайша, «грант магистранттың соңынан ереді» деген қағида жүзеге асырылады. Бұл ЖОО басекелестігін артуы тиіс және сөзсіз гранттардың ашық және әділ таратылуына септігін тигізеді.
Магистратураға түсушілерге дайындық бағытының шеңберіндегі нақты білім беру бағдарламаларының тобын көрсету қажет. Үміткерлер шет тілін тапсырады (осыған дейін де солай болған), сондай-ақ білім алуға дайындыға бойынша және 2 салалық пәндер бойынша тестілер тапсырады.

Енді докторантураға түсу ережесінің өзгеруіне қатысты тоқталар болсам.
Мұнда форматта өзгерістер жоқ.
Оқуға түсуші докторантураның салалық пәні бойынша қай ЖОО-на түссе, сол жерде, сол университетте емтихан тапсырады, сонымен қатар шет тілін білетінін растайтын сертификат ұсынады.
Мұндағы басты өзгеріс – енді докторантураға түсу үшін халықаралық сертификат (сәйкесінше, IELTS, TOEFL және т.б.) талап етілетінінде. Шет тілі бойынша тестілеу докторантура бойынша енді Ұлттық тестілеу орталығы арқылы өткізілмейді. Сондықтан докторантураға түсемін деп ниет білдірушілер осы бағыт бойынша дайындалулары тиіс.

 

Асхат Аймагамбетов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Шет тілдерден енген терминдерді дұрыс жазып жүрміз бе?

    Шет тілдерден енген терминдерді дұрыс жазып жүрміз бе?

    Бүгінде латын графикасына көшуге байланысты терминдерді таңбалау, халықаралық атауларды дұрыс жазу мәселесі өзекті болып отыр. Бұл орайда өткен ғасырдың 20-жылдарындағы  қазақ зиялыларының еңбектерінің маңызы зор. 1922 жылы Қазақстанда жат сөздерді, пән атауларын қазақшаландыратын комиссия құрылады да оны А.Байтұрсынұлы басқарады. Комиссия жат (өзге тілдік) сөздерді қабылдауда мына принциптерді басшылыққа алған: а) жат атаулардың мағынасын түсіндіргендей қазақ

  • Оқулық дайындаушылардың өздері даярлықтан өтеді

    Оқулық дайындаушылардың өздері даярлықтан өтеді

    Қазақстанда мектеп оқулықтарын дайындау тәртібі өзгеруі мүмкін. Министрліктің жауабына сүйенсек, оқулықтарға деген талаптың өзгеруіне байланысты оны дайындайтын сарапшылардың құрамы жаңартылмақ. Сарапшылар тізімі баспа өкілдерінен құпия сақталуы да мүмкін. «Жаңа өлшемдерді ескере отырып, сарапшылар базасын жаңарту және оның құпиялығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оқулықтағы қателерге мониторинг жүргізіледі. Кеткен қателік кітапты шығарған баспа есебінен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog