|  | 

Ұстаз үні

Ұстаз бойындағы ұлылық…

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бөлімінде қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет екендігін ерекше атап өтті.

Осындай айтулы тұлғалар қатарынан аса талантты музы­кант Жәкеев Сапиол­ла Молдаға­лиұлын ерекше атауға бола­ды.  Өмір жолында үлкен жетістіктерге жеткен, еліне аянбай қызмет етіп, артында өшпес із қалдырған Сапиолла Молдаға­лиұлы көзі тірі бол­ғанда, биыл 87 жасқа толар еді.

Сапиолла Молда­ғалиұлы 1931 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Орал қаласындағы музыкалық мектепке жеті жасында қабылданады. Атақты солист А.Брокмиллерден виолончель аспабы бойынша дәріс алады, машықтанады, тәлімін көреді.  Музыкалық мектепті аяқтаған соң, Орал қаласындағы музыкалық колледжге, одан соң қажырлы дайындықтың нәтижесінде Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консер­ваторияға оқуға түседі. Консерваторияны жақсы аяқтаған талантты музыкант Сапиолла Жәкеевті симфониялық оркестрге жұмысқа шақырады.

Ұлы музыкант Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мектеп-интернат ашылып, енді Сапиолла ағай ұстаздық қызметке осында келеді. Ол бұл жерде тек педагог болып қана қоймай, ұзақ жыл музыка бөліміне басшылық жасады. Өз ортасында сыйлы, жұмысына тиянақты ұлы ұстаздың сол ортадан көп шәкірттері түлеп ұшты, қанаттанды. Кенжебай Андарбаев, Нұрлан Далбаев, Кеулімжай Ботабаев, Ернар Мыңтаев, Айжан Құлжанова және  басқа да қазіргі музыка саласының бірталай жұлдыздары  Сапиолла Молдағалиұлы сыныбынан тәлім-тәр­бие алды. Сапиолла Молдағалиұлы алдындағы шәкірттеріне ешқашан ауыр сөз айтып, дауыс көтеруді білмеген дегдар жан еді. Қазақ музыка мәдениетін көтеру жолында және қазақ бала­ларының кәсіби музыкалық білім алуы үшін аянбай еңбек еткен ұстаз А.Жұбанов атындағы музыка мектебі ашылғаннан бастап, осында қырық жыл еңбек етті.

Біртуар азамат тек тамаша музыкант қана емес, жан-жақты энциклопедиялық білімі бар ұстаз еді. Лингвис­тикалық қабілетінің күштілігінен және тілдерді үйренуге деген зор қызығушылығынан неміс тілін жетік меңгерді.

Логикалық ой-өрісті машықтандыратын, адамның мінез-құлқын өзі басқаруды дамытатын  спорт түрі – шахматты да ұстазымыз тамаша ойнайтын. Мектепте шахмат клубын ұйымдас­тырып, шәкірттерінің арасында жиі-жиі сайыстар өткізіп тұратын.

Тәжірибелі ұстаздың қажырлы еңбегінің нәти­жесінде, алғашқы жылдары-ақ оның шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің ұстазынан өнеге-өсиет алған  көптеген шәкірттер республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды. Қазіргі кезде осы шәкірттерінің біразы музыка саласында басшылық қызметтерде жүр.

Осындай зор еңбегінің арқасында Сапиолла Молда­ғалиұлы Қазақ КСР-ның, КСРО-ның Ха­лыққа білім беру ісінің үздігі белгісімен, «Құрмет белгісі» ор­дені, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Ол өз ортасына сыйлы азамат, музыка сала­сында керемет ұстаз, отбасылық өмірде үлгілі әке бола білді. Үлгілі ұстаз отбасындағы балалары мен немерелерінің де  тәрбиесі мен оқу үлгерімдеріне көп көңіл бөлді.

Қазір ортамызда болмаса да, ол кісінің ерен еңбегі мен тәлім-тәрбиесі, асыл сөздері оның әрбір шәкірті мен ұрпағының жадында мәңгі қалары сөзсіз.

 

М.БҮЙЕНБАЕВ,

 С.Жәкеевтің шәкірті, ұстаз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

    БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

    Еліміздің көшбасшы партиясы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында балаларға арналған тегін IT сыныптар ашу және IT мамандар даярлау ісін қолға алғалы, білім ордаларында серпіліс басталды. Еліміздің барлық аймақтарында басталған жоба Атырау өңірінде де жүзеге асып, «Білім-инновация» лицейінің оқушылары алғашқы жетістігіне қол жеткізді. Nur Otan партиясы мен «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­сының бірлескен жобасы қазақ­стандықтардың цифрлық сауат­ты­лығын арттыруды,

  • Әліппенің аты ғана емес, заты да өзгеруі керек

    Әліппенің аты ғана емес, заты да өзгеруі керек

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова экс-министр Сағадиевтің  қателігін түзеп, келесі оқу жылынан бастап «Әліппе» оқулығын қайта айналымға енгізетінін мәлімдеді. Біз Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың бұл бастамасына қатысты мамандар пікірін білген едік. Аягүл Миразова, ұстаз: “Әліппе” – баланың ең әуелі қазақ тілін меңгеруіне ықпал етсе дейміз – “Әліппенің” мектеп бағдарламасына қайта енуі –

1 пікір

  1. мен 33 жыл мектепте бастауыш сыныпта жұмыс істеп өз еңбегімнің жемісін көріп келе жатқан қатардағы ұстаздардың бірімін. “” қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын “” деген қазақтың ұлы сөзі қазіргі таңда мұғалімдер қауымына арналғандай ….. Мұғалімнен қадір кеткелі қай заман .. зейнет жасын әйел ұстаздар үшін 55, ер азаматтар үшін 58 қылса ұстаз ер азаматтар қатары да көбейер еді… қазір немере тәрбиелейтін әжелер жоқ… сүйретіліп пенсияға шығады жарты есі бар , жарты есі жоқ , қан қысымы жоғары .т.б ауырулары бар … өзіне бір кісі керек боп қалады сондықтан небір мықты азаматтар Абайдан бастап айтсақ әжеден тәлім тәрбие алды сол тәрбие артық қылмаса кем қылған жоқ . Ел болам десең бесігіңді түзе деген сол бесік көзі көненің көзі әжелер қолында … тәрбие қазақ дәстүрімен үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу , ұят , болмайды деген сөзді қанына сіңіру үшін үй тәрбиесінің азайып кеткенінен деп ойлаймын. таңғы 6 дан оятып жас баланы балабақшаға сүйреген жастар кешкі 6-7 де алады , үйге апарып тамағын береді де ұйықтатады . Не апа не ата, не ана, не әке мейірімі жоқ балалар қазір алдымызда отыр. Мейірім жоқ бала болашағы бұлыңғыр … ана мен бала арасына мәміле жоқ мүлде сөйлеспейді. Анасы жұмыстан кейін телефонда отырады …бала сөзіне құлақ та аспайды. қазір болып жатқан жағдайларды естіп, көріп, ештеңеге таң қалмайтын заман болды. .. бұл қазіргі өмірдің бір тамшысы ғана…Осындай ұрпақты оқытып, ата-анасымен тәрбие жүргізіп жатқан Ұстаздар қауымы сіздер қандай атақ берілсе де лайықсыздар! …. мен де педагог мәртебесін көтерсе, зейнет жасын әйелдер үшін 55 ұстаз ер азаматтар үшін 58 болуын қолдаймын. Қазіргі кезде әйелдер, ер азаматтардың жасына жетпей 50 ге де жетпей, аяқ астынан не бір жағдаймен (инфарк, миына қан құйылу, обыр, ө-ө қ жұмсау т.б) кетіп жатқаны қаншама…..

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog