|  | 

Жаңалық

Биыл Астанада неше бала қанша жаңа мектептің табалдырығын аттайды?

Биыл елордада 8 мектеп оқушылар игілігіне беріледі. Ал өткен жылы 4,4 мың орынға лайықталған 4 мектеп ашылған болатын, деп хабарлайды Қазбілім қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Астанада 8700 орынға арналған сегіз мектеп пен мектепке жапсарлас ғимараттың және бір колледждің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында  ұлттық компаниялардың есебінен 480 орынға арналған екі балабақшаның, 720 орынға арналған тағы екі балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесі оң шешімін тауып отыр. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 2016 жылы 70,6%, 2017 жылы 78% құраса, 2018 жылы ол 90% дейін өскен болатын. Бұл ретте жеке секторды тарту шаралары маңызды рөл атқарды. Ол қамтылған балалардың жалпы санының 30%-ын құрайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін – Н.Назарбаев

    Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін – Н.Назарбаев

    Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде айтты. «Біз әлемдегі озық дамыған  50 елдің қатарына қосылдық. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Мақсатымыз – озық дамыған 30 елдің қатарына ену. Біз қираған КСРО-ның орнында заманауи нарықтық экономикасы бар, табысты  Қазақстан мемлекетін

  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Ардақты ағайын! Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері! Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес. Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog