|  | 

Білім жарысы

Пәнаралық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды – Ақмола облысы

Ақмола облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазбілім порталы ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметі бойынша Көкшетау қаласындағы №18 мектепте өткен олимпиадаға өңірдің 17 ауданы мен Көкшетау, Степногор қалалары және дарынды балаларға арналған 4 облыстық мамандандырылған мектептен жиналған 400-ге жуық оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1-ші орынға облыс орталығындағы «Инновациялық-білім» лицейінің оқушылары лайықты деп танылса, одан кейінгі 2-ші және 3-ші орындарды Көкшетау және Степногор қалаларының оқушылары өзара бөлісті.

Жалпы, облыстық олимпиаданың нәтижелері бойынша барлығы 163 жеңімпаз анықталды. Оның 32-сі І дәрежелі, 33 қатысушы ІІ дәрежелі, 98-і ІІІ дәрежелі дипломдармен, бұдан бөлек тағы 31 қатысушы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде бірінші және екінші орын алған жеңімпаздар ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбе және Қызылорда қалаларында өтетін республикалық кезеңіне қатысады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

    Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

    Астана мектептерінің оқушылары Кореяда өткен интеллектуалдық олимпиадада барлық 21 медаль жеңіп алды. Тэджон қаласында өткен халықаралық олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Олар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша өз жұмыстарын таныстырды. «Барлық оқушылар жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», – деді «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының

  • Түркістандық 9 оқушы халықаралық жарыста жүлде еншіледі

    Түркістандық 9 оқушы халықаралық жарыста жүлде еншіледі

    Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Өмірбек Жолдасбеков атындағы ІХ халықаралық математика және механикадан ғылыми-зерттеу сайысы өтті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Дәстүрге айналған байқау атақты ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Ө. Жолдасбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Байқауға Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қазақстанның барлық аймақтарынан  200- ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog