|  | 

Жаңалық

Шымкентте бүгін қос бірдей балабақша мен мектептің лентасы қиылды

Шымкент қаласында бүгін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қос бірдей әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Үш тілде білім беретін екі ғимараттың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы барып қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алдымен, әкімшілік-іскерлік орталығында салынған 320 орындық «Атамекен» балабақшасы ел игілігіне берілді. Бөбекжай соңғы талаптарға сай, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда әр топқа арналған ойын алаңшалары, қысқы-жазғы шомылу бассейндері бар. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі үшін барлық бөлмелерде және аумағына бейнебақылау камералары орнатылған. Жас өрендердің  тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Жаңа балабақшада 100-ден  астам жұмыс орны құрылып отыр.

Осы күні Сайрам тұрғын алабында 900 орындық жекеменшік «Арафат» жаңа мектебінің лентасы қиылды. Мектепте балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған.  Білім ордасында оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндігі бар.

Айта кетейік,  жалпы шаһарда  мемлекеттік және жекеменшік 147 мектеп болса, оларда қазіргі таңда 200 мыңға жуық бала білім алады. Ал, жыл сайын мектепке баратын бала саны 20-25 мыңға артып келеді.  Бұл дегеніміз қалаға жыл сайын көптеген жаңа мектептер салу қажеттігін аңғартады. Яғни, мектептің мәселесін шешуде орта білім саласына жекеменшік капиталды тарту қажет-ақ.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа жүйесі бойынша осындай жекеменшік салынған мектептерге мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Бүгінде бұл жүйеге  қаладағы бірқатар мектептер көшкен.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін – Н.Назарбаев

    Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін – Н.Назарбаев

    Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде айтты. «Біз әлемдегі озық дамыған  50 елдің қатарына қосылдық. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Мақсатымыз – озық дамыған 30 елдің қатарына ену. Біз қираған КСРО-ның орнында заманауи нарықтық экономикасы бар, табысты  Қазақстан мемлекетін

  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Ардақты ағайын! Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері! Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес. Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog