|  | 

Керекті кеңес

Елордадағы мектеп асханаларында жаңа жылдан бастап ас мəзірі өзгереді

Астанадағы мектеп асханаларында жаңа жылдан бастап ас мəзірі өзгереді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Əнуар Жанғозин мәлім етті.

Əнуар Жанғозиннің айтуына қарағанда, келесі жылдың қаңтар айынан бастап жаңартылған ас мәзірі қаладағы 41 орта мектепке енгізіледі. Содан кейін бұл өзгеріс басқа мектептерді де қамтитын болады. Тарқата айтқанда, алдағы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің №717 бұйрығындағы жаңа өзгерістерге сəйкес, тамақтану ережелері жарияланады.

«Біріншіден, балалар жаңа ас мəзір бойынша толыққанды тамақтанады. Екіншіден, аталған мəзірге түрлі тамақ түрі, яғни денсаулыққа пайдалы жемістер мен көкөністер енгізілмек. Мысалы, таңертең балаларға жаңа ас мәзірі бойынша сүттегі күріш ботқасы, бутерброд (май мен ірімшік), жеміс-жидек, алма немесе күріш, қант қосылған шай беріледі. Ал сағат 10-нан кейін оқитын оқушыларға сиырдың етінен жасалған котлет, макарон, алма және қант қосылған шай беріледі», – деді басқарма басшысы Астана қаласы әкімдігінде өткен брифингте.

Əнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа ас мәзірінің бағасы әр балаға 355 теңге болады. Жалпы келесі жылы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4 млдр теңге шамасында қаражат қарастырылған. Ал жаңа ас мәзірін Қазақ тағамтану академиясы мақұлдап отыр.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу жайлы Білім министрлігінің бұйрығы бар ма?

    Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу жайлы Білім министрлігінің бұйрығы бар ма?

    Жуырда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «Білім министрлігің бұйрығына сәйкес, енді сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15833 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарай бастаған еді. Бүгін мұның анық-қанығын БАҚ-қа арналған брифингке қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың өзінен сұраған едік. – деп жазды zhaikpress.kz сайты. – Әлеуметтік желі арқылы тараған барлық ақпаратқа сене беруге

  • Магистратура және докторантураға оқуға түсу ережесі өзгертілді

    Магистратура және докторантураға оқуға түсу ережесі өзгертілді

    Біріншіден, магистратураға гранттар келесі жылдан бастап үміткерлердің бірыңғай емтиханының қорытындысы бойынша бөлінетін болады. Егер осыған дейін магистратураға гранттар ЖОО берілген болса, және олар өздері тапсырма дайындаған, өздері емтихан өткізіп, түсту туралы шешімді өздері қабылдаған болған, енді GMAT форматы бойынша бірыңғай емтихан болады. Яғни үміткерлерге Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін кешендік тестілеуден өту керек. Осы тестілеудің нәтижесі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog