|  | 

Жаңалық

Аршалы мектебіне Жұмабек Тəшеновтің есімі берілді

Ақмола облысының Аршалы ауылындағы №3  орта мектепке Жұмабек Тəшеновтың есімі берілді, деп хабарлайды облыстық Ішкі саясат басқармасы.

Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов, ҚР Ұлттық академия ғылымдарының академигі Арыстан Газалиев, мəдениет саласының еңбегі сіңген қайраткер Баянғали Әлімжанов жəне тағы басқа танымал азаматтар қатысты.

Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше…Соның бірі елдің тұтастығының сақталуына, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға Жұмабек Тəшенов.

“Жұмабек Тəшеновтің есімі ақмолалықтардың жадында мəңгі сақталған жəне жерлестері оны мақтан тұтады. Оның өмірі мен еңбек жолы келешек жастарға үлгі-өнеге. Тәуелсіздік алған жылдары тек бір ғана біздің облысымыздағы елді мекендердегі 10 көшеге Жұмабек Тəшеновтің есімі берілді. Енді міне өзінің туған жеріндегі мектепке есімін беріп отырмыз”, деді аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырəлімова.

Шараға қатысушылар Жұмабек Тəшеновтің суреттері қойылған сыныпты аралап көрді. Бұдан соң “Жұмабек Тəшеновтің əлемі: тағдыр жəне баға жетпес мұра” тақырыбындағы ғылыми-тəжірибелік конференция өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog