|  | 

Білім жарысы

Білім және ғылым министрі үздік мұғалімдерді марапаттады

Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдер арасындағы  республикалық «Панорама педагогических идей» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Қазбілім порталы ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес ҚР БҒМ тапсырысымен республикалық «Панорама педагогических идей» атты байқау ұйымдастырған болатын.

Онда мектепке дейінгі мұғалімдерге, орта, техникалық, кәсіби және жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне арнап бейнесабақтар мен бейнедәрістер іріктелді.

«Еліміздің білім  саласына негізделген осындай ауқымды байқау бірінші рет ұйымдастылырып отыр. Республикамыздың барлық мұғалімдері бірінші рет өз тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігін алды. Байқау аймақтық және республикалық деген екі кезеңнен тұрды. Аймақтық кезеңге 2 750 мұғалім қатысты. Ал республикалық кезеңге 940 бейнесабақ ұсынылды, оның ішінде  66 бейнесабақ 22 номинацияға ілікті», – деді «Өрлеу» өкілдері.

Бүгін салтанатты жиында ҚР БҒМ басшысы  жеңімпаздарды марапаттады. Ол осы сынды конкурстардың еліміздің білім саласына әкелер пайдасын ескере отырып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Екінші орын иегерлерін Қазақстанның Еңбек Ері, педагогикалық еңбек ардагері Аягүл Миразова, ал үшінші орын алған мұғалімдерді «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқармасының төрайымы Гүлнас Ахметова марапаттады.

Үздік жұмыстарды  «Өрлеу» ұйымының Ютуб каналында көруге болады. Қазіргі уақытта каналда 32 мың жазылушы бар. Онда 1500 фильм жүктелген.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

    Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

    Астана мектептерінің оқушылары Кореяда өткен интеллектуалдық олимпиадада барлық 21 медаль жеңіп алды. Тэджон қаласында өткен халықаралық олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Олар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша өз жұмыстарын таныстырды. «Барлық оқушылар жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», – деді «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының

  • Түркістандық 9 оқушы халықаралық жарыста жүлде еншіледі

    Түркістандық 9 оқушы халықаралық жарыста жүлде еншіледі

    Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Өмірбек Жолдасбеков атындағы ІХ халықаралық математика және механикадан ғылыми-зерттеу сайысы өтті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Дәстүрге айналған байқау атақты ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Ө. Жолдасбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Байқауға Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қазақстанның барлық аймақтарынан  200- ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog