|  | 

Ұстаз үні

Балабақша бала тәрбиесінің іргетасы

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы өте зор. Кішкентай бүлдіршіндеріміз  ата – анасының, тәрбиешісінің, мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, айналасындағалардан үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешіге байланысты.

Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. Ол ертеңгі болашақты ,келешек ұрпақ  иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес.

«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығы айтқандай тағамның беріктігінен «Ақ Ерке »бөбекжай балабақшасында тәрбиеші болып биылғы жылдың жартысынан бастадым. Бұл балабақша көп жылдан бері жұмыс істеуде.
«Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасында жүз жиырма бала тәрбиеленуде. Мұнда әртүрлі ұлттың балалары тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы бір жарым жастан алты жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық,  денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. «Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері әр мерекелік іс-шараларға, түрлі конкурсқа белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Соның ішінде кіші топ балалары конкурсқа сән көрсету қойылымына қатысады.
Балалардың ішінде әнші, биші, суретші балаларды байқауға болады.

Кішкентай балалар тәрбиешінің көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір – біріне көмектеседі, «рахмет, кешір» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ортада қарым – қатынастарын қалыптастырады. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, достарына, үлкендерге қалай болса солай қарауға және де сөз қайтаруға мүмкіндік жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз тәрбиеленушілерімізге қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Топтағы ойыншықтарды жинағанан кейін  тобымыз  қандай сәнді болып қалды, бәрекелді! деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Топтасып жұмыс жасай білуді, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

 

Картаева Таншолопан Сериковна,
тәрбиеші, ЖШС «Ақ ерке
» балабақшасы,
Қарағанды қаласы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

    БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

    Еліміздің көшбасшы партиясы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында балаларға арналған тегін IT сыныптар ашу және IT мамандар даярлау ісін қолға алғалы, білім ордаларында серпіліс басталды. Еліміздің барлық аймақтарында басталған жоба Атырау өңірінде де жүзеге асып, «Білім-инновация» лицейінің оқушылары алғашқы жетістігіне қол жеткізді. Nur Otan партиясы мен «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­сының бірлескен жобасы қазақ­стандықтардың цифрлық сауат­ты­лығын арттыруды,

  • Әліппенің аты ғана емес, заты да өзгеруі керек

    Әліппенің аты ғана емес, заты да өзгеруі керек

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова экс-министр Сағадиевтің  қателігін түзеп, келесі оқу жылынан бастап «Әліппе» оқулығын қайта айналымға енгізетінін мәлімдеді. Біз Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың бұл бастамасына қатысты мамандар пікірін білген едік. Аягүл Миразова, ұстаз: “Әліппе” – баланың ең әуелі қазақ тілін меңгеруіне ықпал етсе дейміз – “Әліппенің” мектеп бағдарламасына қайта енуі –

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog