|  | 

Керекті кеңес

2019 жылы ҰБТ өзгерістері және гранттың тағайындалу ережелері

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім  гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады. Сондай-ақ, мамандарды даярлау бағыттарының жаңа классификаторы енгізіліп отыр, деп хабарлайды Қазбілім порталы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің жоғары оқу орындарында мамандықтар тізімі нақты көрсетілген классификатор пайдаланылды. 2019 жылдан бастап жаңа классификатор енгізіледі. Онда мамандықтардың нақты тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетілетін болады. Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім бағдарламаларын жасап алады.

«Осыған орай, мемлекеттік білім гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Мәселен, «Математика пәні мұғалімдерін даярлау» тобына «Математика», қосарланған «Математика-Физика», «Математика-Информатика» мамандықтары кіреді. Ал, «Ақпараттық технологиялар» тобына – «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» және тағы басқалары енеді. Яғни, білім гранттарының тағайындалуы бұрынғыдай мамандық бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылмақ. Грант ұтып алған соң талапкер ЖОО-ға таңдаған білім бағдарламасы бойынша тіркеліп, ЖОО-ға құжаттарын тапсыру кезінде өзі таңдаған мамандық бойынша білім алады», – делінген хабарламада.

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалады. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.

«Бірақ, биылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет – қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Қаңтар, наурыз, тамызда өтетін тестілеуді тапсыру арқылы талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік білім грант конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы тиіс. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысып, шекті балл жинау жеткілікті» деп мәлім етті министрліктен.

Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез келген пунктіде тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беру қажет.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • “Ағылшын тілінде оқытуды мектеп пен мұғалімдер дайын болған кезде ғана жүргізе бастаймыз”

    “Ағылшын тілінде оқытуды мектеп пен мұғалімдер дайын болған кезде ғана жүргізе бастаймыз”

    БҚО-ға келген жұмыс сапарында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осылай деді. -«Білім саласында көптеген өзгерістер болып жатыр, сол өзгерістерді жүйелі нәтижеге жеткізу керек» деп Елбасы айтқандай, білім саласында атқарылатын жұмыс көп,-деп бастады сөзін Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова. –Алдымыздағы үш жылдың ішінде елімізде 190 мектеп салынады. Ең бірінші апатты жағдайда тұрған және үш

  • “Қызға қырық үйден салынатын тыйым”. Ол қандай?

    “Қызға қырық үйден салынатын тыйым”. Ол қандай?

    Қазақта “Қызға қырық үйден тыйым” деп аталатын тәрбие бар. Яғни, қыздарымыз мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек . Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым. Талтайып отыруға тыйым. Шалқайып жатуға тыйым. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлау. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog