|  | 

Білім жарысы

Қазақстанның студенттік IT-командасы жеті дүркін әлем чемпионын артқа тастап, үздік атанды

Ел тарихында алғаш рет Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ІT командасы жеті дүркін әлем чемпиондарын артқа тастап, халықаралық дәрежеде үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.

2 желтоқсанда Санкт-Петербург, Барнаул, Алматы, Тбилиси қалаларында бір уақытта Northern Eurasia (Солтүстік Евразия) өңіріндегі студенттік командалар арасында бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Финалға ТМД елдерінен 318 команда қатысты. Құрамына Темірлан Сатылханов, Абай Баймұқанова, Айбар Қуанышбай кірген Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасы 13 есептің 8-ін шығарып, ТМД елдері арасында жүлделі 4 орынды, Қазақстан бойынша 1 орынды иеленіп, алтын медальға қол жеткізді. Ендігі кезекте қазақстандық команда 2019 жылғы сәуір айында өтетін әлемдік финалға қатысады.

«Бұл – университетіміздің биылғы ең үлкен жеңісі. Біз мұндай көрсеткішке 6 жыл көлемінде қол жеткізе алмап едік. Ендігі кезекте ел тарихында алғаш рет әлемдік чемпионатта үздіктер қатарынан көрінеміз деген үміт бар бізде. Бұл жолы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттік IT командасы жеті дүркін Әлем Чемпионы Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінен (ИТМО) озып, халықаралық дәрежеде үздіктер қатарынан көрінді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш» – дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков.

Қорытынды жекпе-жекте 7 есепті шығарған ҚБТУ командасы да жақсы өнер көрсетіп, ТМД елдері бойынша 14-орынды иеленді. Олар Қазақстан бойынша 2-орында тұрақтады. Ал, 4 есепті шешкен Назарбаев Университетінің командасы ТМД елдері бойынша 81-орынды, Қазақстан бойынша 3-орынды иеленді.

Жеңімпаз команданың көрсеткіштері ТМД өңірінде соңғы 5 жылдағы ең үздік деп танылып отыр. ЖОО жеңісі – Қазақстан үшін үлкен жетістік, өйткені ел тарихында бір де бір команда Солтүстік Еуразия өңірінде мұндай көрсеткішке қол жеткізбеген. Айта кетейік, олимпиадалық қозғалыс Қазақстанда 2000 жылдары басталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

    Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

    Жамбылдық оқушылар Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 7-рет қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқаудың республикалық кезеңіне  Жамбыл облысынан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Республикалық конкурстының биылғы ерекшелігі

  • Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

    Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас – Байтанаев оқулары-7» атты xалықаралық конференцияда павлодарлық оқушының жобасы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. – Мұндай xалықаралық шара осымен жетінші рет өтуде, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, ғылыми зерттеу жұмыстары бөлімінің басшысы Жанат Ибрагимова. – Осы жылы конференция жинақтары үш том болып басылды. Жыл

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog