|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаздың орны…

Адамның барлығы тұлға болып қалыптасады. Қалыптасу жолында түрлі кедергілерді өткеруі мүмкін. Оның  жетілу жолында маңызды адамдардың әсері болатыны да белгілі. Олар: ата-ана, ұстаздар, қоғам. Осылардың ішіндегі ұстаз есімінің маңызы тіпті жоғары.  Кез келген адам оқушылық кезеңді басынан өткереді. Барлық адам партада отырып, ұстаздың алдынан өтеді. Тұлға болып қалыптасқан және тұлға болу жолында қалыптасып келе жатқан екі адамның арасындағы қарым-қатынас қандай болады? Ұстаз бен оқушы арасында сыйластықтан өзге не болуы керек? Шын мәніндегі ұстаз образы қандай?

Ұстаздық етудің білім жолында психология, педагогика, философия, әлеуметтану, этика тағы да өзге сабақтардың арнайы курс бойынша өтілетіні белгілі. Осы сабақтардың тек қана зерттеу нысанын оқумен шектеліп қоймай, игеруге қажетті барлық жағын жан-жақты меңгеру қажет. Себебі, ұстаздық жолында  оқушымен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін аталмыш пәндердің теориясын тәжірибе жүзінде жақсы қолдана білген жөн. Бала психологиясы – күрделі құбылыс. Оған білімнен бұрын мейірім маңыздырақ. Мейірім, қамқорлық арқылы баланың білім алуына жол ашылады. Қаншалықты өз ісіңіздің майталман маманы болғаныңызбен де адами құндылықтар бірінші бағаланатынын естен шығармау керек.

Ұстаз алдындағы оқушымен ата-ана ретінде де, құрбы-дос ретінде, ақылшы ұстаз ретінде де қарым-қатынас орната алса, ол оның еңбек жолындағы басты жетістігі. Оқушының да өзіндік пікірі болады. Сол тұрғыда жеке көзқарасы  қалыптасады. Әр баланың жеке пікірімен санаса отырып, оның ынта-жігерін ояту – ұстаздың міндеті. Егер сіз өзіңізді жақсы ұстазбын деп есептесеңіз, сапалы білім берумен қатар, салиқалы ұрпақтың қалыптасуына да еңбек сіңіруге тырысыңыз. Дәстүрлі түрде сабақ өткізумен қатар, қоғамдық рухани білім беруді де қолға алыңыз. Жастарды толғандырып жүрген немесе ой салатын тақырыптарда түрлі іс-шараларды ұйымдастыра біліңіз. Өзіңіздің де жас болғаныңызды, студент болғаныңызды, оқушы болғаныңызды естен шығармаған жөн. Өмірлік тәжірибе мен бағыттық білімнің айырмашылығы жер мен көктей. Бағдарлы білімді арнайы тапсырмалар арқылы, әлеуметтік желінің көмегімен, тіпті болмаса көшіру арқылы меңгере алады. Алайда ұстаздық керекті  ақылды еш жерден таппайды. Өйткені іздемейді де. Оны сіз өз тәжірибеңізбен бөлісе отырып жеткізуіңіз керек.

Ұстаз бен студент, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста  белгілі бір шекараның болғаны дұрыс. Бірақ ол жеке мәселеде немесе арнайы дүниелерде ғана болуы тиіс. Басқа уақытта сізбен қалаған уақытында тілдесетіндей, қалаған уақытында сыр-сұхбат құратындай, білмейтін дүниені еркін сұрай алатындай, кейде тіпті бір шыныаяқ шәй ішетіндей дәрежеде қарым-қатынас орнауы шарт. Әрине, бұл біздің болмысқа сай келмеуі мүмкін. Біздің қазақы менталитетке жат дүние болып көрінуі де мүмкін. Десе де, бүгінгінің білім бағдары осындай нәрселерді қажет етеді. Заманның талабы сондай. Қоғамның қазіргі оқушылары мен студенттерінің көңіл қалауы да осындай. Сол себепті де көштен қалмай, барлық жақсы да игі қасиеттерді игере алуымыз керек. Сонда ғана сапалы білімді игерген салиқалы ұрпақты тәрбиелеп шығара аламыз.

Иманалиева Ғазиза 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?

    АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?

    Әлқисса Бүгінде баласын қосымша сабаққа жаздырмайтын ата-ана кемде-кем. Иә, сонау 2014 жылы “оқушылар неге орталық жағалап жүр?” деп осы бағытта алғаш сұрау тастап мақала жазып едім, содан бері бес жыл. Бұл үрдіс қазір тіпті ауырлады, ол білім саласына пайдалы ма, әлде сын ба? Бүгінгі оқушылар неге жаппай репетиторға жүгініп кетті? Біз баламызды жаздырған қосымшаның пайдасы

  • Ата-аналар балаларымен сырласуды қойды

    Ата-аналар балаларымен сырласуды қойды

    Ата-ана интернеттен бір ақпаратты немесе қанатты сөзді оқып алып, өзін білімді санайтын жағдайлар кездесіп жатады. Біз қазіргі уақытта ата-аналардың балаларымен ашылып сөйлеспеу мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз. Балалар гаджеттерге айналып, өзімен өзі болып кетті. Қазір отбасылық қарым-қатынаста мынадай тенденция байқалады: ата-ана жатын бөлмеден шығып, жұмысқа кетеді – жұмыстан қайтып келіп, баласымен аз ғана әңгімелесіп, тамақтанғасын қайтадан

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog