Home >> Көкейтесті >> БҒМ балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жаңа кеңесшісі болады
БҒМ балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жаңа кеңесшісі болады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі қызметіне Шер Раисаны шақырылды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінгі заман талаптарына сай балалардың құқықтарын қорғау саласында қыруар жұмыстар атқару қажет. Азаматтық сектор белсенді дамып, бірқатар сұрақтардың шешілуіне ат салысуда. Мемлекеттік және азаматтық сектор арасында тиімді байланыс орнату қажет», — деді Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев.

Өз кезегінде, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.Шер көрсетілген сенім үшін Министрге алғыс білдіріп, жұмысқа дайын екендігін жеткізді.

 

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top