|  | 

Жаңалық

Шымкенттік мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынбақ

Шымкенттік мұғалімдерге мереке күндері сыйлық алуға тыйым салынбақ. Бұл мәселе ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қалалық департаменті және білім басқармасы бірлесе өткізге жиында сөз болды.

Басқосуда сөз сөйлегендер  біреуді жазаға тарту емес, жемқорлық әрекеттерді алдын алу қажеттігін түсіндірді. Қаладағы білім ордаларының басшылары мен қызметкерлерін мереке күндері жаппай сыйлық алмауға шақырды.

«Бұл жиынды ұйымдастыруға ата-аналардан үздіксіз ақша жинау фактісі, мектептердегі ақша жинау, мұғалімдер жалақылар уақытылы төленбеуі, директорлардың өкілеттіліктерін асыра пайдалануы, сонымен қатар, мерекелерде сыйлық алу негіз болып отыр. Осы ретте  «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында  білім ордаларының басшылары мен мұғалімдерді  алдағы келе жатқан мерекелерде жаппай сыйлық алмау акциялары ұйымдастыруды ұсынамын» – деді Департамент басшысының орынбасары Айбек Шілманов.

Басқосуда  материалдық сыйақылар алған жағдайда мұғалімдердің жауапкершілігін ескерілетіні айтылды.

Жиында сонымен қатар, білім саласында анықталған кемшіліктер мен сыбайлас жемқорлық фактілер жайы талқыланды. Іс-шараға қатысушылар білім ордаларындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға уағдаласып, қай кезде болса да сыйлықтар алмау бойынша бір келісімге келді.

Айнұр Ақбаева

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

    Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

    М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалына жеке ғимарат беру керек. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Бақытжан Жұмағұлов айтты. Қазақстандық филиалдың қызметін одан ары заңнамалық тұрғыда бекіту мақсатында 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының қызметі туралы келісімге қол

  • Сенатор Қазақстандағы ЖОО-лардың білім сапасын сынады

    Сенатор Қазақстандағы ЖОО-лардың білім сапасын сынады

     Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір елімізде 128 жоғары оқу орны бар, олардың 82-сі университет мәртебесіне ие болып отыр.  Дамыған Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде 320 мың адамға бір жоғары оқу орынынан келетін болса, бізде 141 мың адамға бір ЖОО-дан келеді», – деді депутат. Оның

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog