|  | 

Жаңалық

Семейде білім ошақтарына ұлы тұлғалардың есімі беріле бастады

Семейде бірқатар мектептердің атауы өзгеретін болды. Бұған дейін нөмермен аталып келген білім ошақтары енді Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп болады. Бұл туралы  inform.kz сайтты мәлімдеді.

Бүгінгі күні Семей өңірі бойынша 67 мектеп болса, соның тек 9-ына ғана ұлы тұлғалардың есімі берілген. Қалғаны  сандық белгі бойынша нөмірленіп аталады. Сондықтан біртуар азаматтардың есімін жас ұрпақ жадында берік ұстау мақсатында тағы 8 мектептің атауы жаңартылатын болды.  Яғни, мектептерге тарихи тұлғалардың,  «Алаш» партиясы қайраткерлерінің есімдері берілмек.

Атап айтқанда № 49 мектепке қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев,  № 3 мектепке жазушы Мұхтар Әуезов, №2 мектеп геолог-ғалым Қаныш Сәтпаевтың, №34 мектеп Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының, №37 мектеп Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп Әлихан Бөкейхановтың, 47 мектеп Ахмет Байтұрсынов және 29 мектеп педагог Ташбек Құтжановтың есімімен аталатын болады.

«Республикалық ономастикалық комиссияның ұсынылған тарихи тұлғалардың есімін беру туралы  тізімін мектептерге жібердік. Бүгінгі күні 8 мектеп ұсынысты қабылдады. Біз мектеп атауын өзгертуге күштемейміз. Мектеп басшылығы ұстаздармен бірге мәселені педагогикалық кеңесте талқылап, өздеріне ұнаған тұлғаның есімін  қабылдады. Қазір құжат жұмыстарын реттеу жүріп жатыр»,- деді Семей қалалық білім бөлімінің  әдіскері Сәуле Дүйсенбекова.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді

    Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді

     Көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп беріп жатқан Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты. «Жалпы табысы 3 күнкөріс минимумынан төмен көпбалалы отбасылардың балаларына Астана қаласының ЖОО-ларда оқу үшін жекелеген гранттар бөлінетін болады. Бұл – қосымша 25 млн теңге. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі қажет етілетін жұмысшы

  • 1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектепке бара алады – БҒМ

    1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектепке бара алады – БҒМ

     0-сыныптың мәні мен мақсаты – балабақшалардағы даярлық топтарына бірыңғай бағдарламалар мен оқулықтарды енгізу. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні өте қарапайым.  Басты мақсат – балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Оның

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog