|  | 

Жаңалық

Мұғалімдердің жүктемесін 18-ден 16 сағатқа азайту көзделуде

Елордадағы Конгрес-орталықта «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумы аясында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Педагогтар мәртебесі туралы заңда қандай мәселелер қамтылатынын айтып берді

«5 қазанда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында мұғалімдердің мәселесі кеңінен көтерілгенін білесіздер. Ең басты назар аударарлық жай – көптен бері біздің ұстаздарымыздың көкейінде жүрген мәселелер айтылды. Соның бірі – Педагогтардың мәртебесіне қатысты. Бұл ретте осы залда көптеген әріптестерімізді көріп отырмын. Ректорлар, директорлар он жыл бойы Педагогтардың мәртебесі туралы заңды қабылдайық деп, мәселені әр алқа мәжілісінде көтеріп жүрген болатын. Сондықтан, Елбасы осы заңды қабылдау туралы тапсырма берді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Вице-министр өз сөзінде аталмыш жаңалықтың жағымдылығын бірден байқағанын айтады.

«Барлық әлеуметтік желілерде бүгінгі күнге дейін осы мәселе талқыланып жатыр. Бұл шын мәнінде, білім саласын – тағы бір үлкен сатыға көтеретін сұрақтардың бірі. Бұл заңда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеретін стимулдар, оқу жүктемесін азайту, керек емес тексеру комиссияларынан қорғау, тағы басқа мәселелерді көтеретін боламыз. Мен осы мінберді пайдалана отырып, сіздермен бірге осы заңды талқылауға қатысуларыңызды сұрағым келеді. 2 күн осында боласыздар. Бізге беретін ұсыныстарыңыз болса, өте риза болар едік. Қазір біз әлеуметтік желіде де, газет пен сайттар арқылы да ұсыныстарды жинап жатырмыз. Екі-үш айдан кейін тұжырымдаманы жасап, жан-жақты халықпен талқылап, Парламентке заң жобасын енгізетін боламыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Вице-министрдің айтуынша, аталмыш заң жобасында талқыланатын мәселелердің бірі – жүктемені азайту.

«Өздеріңіз білетіндей, ТМД елдерінің ішінде біз балаларға салынатын жүктемесі жағынан сөзсіз чемпионбыз. Мәселен, 11 сыныптарда – 39 сағат (…) Бұл өте көп. Әлбетте, 50-60 сағатқа дейін ұзартуға болар, бірақ бұл қадам сапаға қаншалықты әсер етеді. Міне, сондықтан, Мемлекет басшысы жүктемені азайту қажеттігін айтып отыр. Біз балалардың жүктемесін азайта отырып, мұғалімдердің сағаты, жүктемесі, айлығы мәселесін шешеміз. Аталмыш заң жобасы аясында педгогтардың жүктемесін де азайту көзделген. Қазір бір ставканың – 18 сағат екенін білесіздер. Біз оны 16 сағатқа азайтуды көздеудеміз», – деді вице-министр.

Аян Бекенұлы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

    Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

    ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова бүгінде ведомство алдында тұрған негізгі мақсаттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біріншіден, «ЖОО-мемлекет-бизнес» форматының өзара іс-қимылын дамытуға қатысты. Бұл формат Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруға негізделген. Осы арқылы біз қазақстандық жоғары мектептің экспорттық әлеуетін нығайтуды, шетел студенттері үшін ЖОО тартымдылығын көтеруді еңсереміз. Бұл мақсатты шешу кезінде барлық ресурстарды жұмылдыру

  • Қазақстанда студенттердің дипломы электрондық форматта берілуі мүмкін

    Қазақстанда студенттердің дипломы электрондық форматта берілуі мүмкін

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қатысты бірқатар шешімдерімен бөлісті, деп хабарлайды Алтаньюс тілшісі. Білім минстірінің айтуынша, бірінше кезекте емтихандарды тест түрінде емес, жаппай жазбаша тапсыруға көшу керек. – Алдымен емтихандарды жаппай тексеру қажет. Яғни жазбаша емтихандарды көбейтіп, тесті барынша азайтамыз. Сонымен қатар барлық жүйені электрондық форматқа көшіруді жоспарлап

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog