|  | 

Керекті кеңес

2019 жылы ҰБТ-ға қандай өзгерістер енгізіледі

Мектептегі оқушыларының басты білім сыны – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мен Оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) жүйесіне 2019 жылы қандай өзгерістер енгізіледі? Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Маңызды сұрақтардың бірі – тестілерге енгізілетін өзгерістер. Мәселен, бізде қазір ҰБТ мен ОЖСБ бар. Қазіргі таңда біздің мұғалімдер бір мәселені көтеріп отыр. Олардың айтуынша, министрлік жаңартылған білім мазмұнын енгізіп жатса, демек функционалды сауаттылыққа мән беру керек. Яғни, ойлы дағдыға баса ден қойылуы тиіс. Мұғалімдердің сөзіне құлақ ассақ, қазір ҰБТ мен ОЖСБ кезінде ең алдымен есте сақтауға маңыз беріледі», – дейді вице-министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҰБТ мен ОЖСБ форматы емес, сұрақтарының мазмұнына өзгеріс енгізілетін болады.

«Демек, мектеп оқушылары енді «қашан және қай жылы?» деген сұраққа емес, көбінесе «қалай және неге?» деген сұраққа жауап беретін болады. Бізге ең алдымен балалардың ойлау қабілеті, білімін қолдана білуі мен талдауы маңызды», – деді ол.

Еске сала кетсек, елордадағы Конгресс-орталықта «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өтіп жатыр.

Аян Бекенұлы

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Астанада оқушыларды әлеуметтік қолдаудың қандай түрлері бар

    Астанада оқушыларды әлеуметтік қолдаудың қандай түрлері бар

    Астана бюджетінің жартысынан көбі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталады. Ұсынылатын жеңілдіктер туралы қалалық білім басқармасы айтып берді, деп хабарлайды Қазбілім елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап Ведомствоның ақпаратына қарағанда, тегін тамақтандыру қызметі бастауыш сынып оқушыларының барлығына, 5-11 сынып оқушыларының әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататын балаларына көрсетіледі. Жалпылай алғанда, қызметтің бұл түрімен 78 мың

  • Астанада баланы балабақшаға орналастыру үшін не істеу керек?

    Астанада баланы балабақшаға орналастыру үшін не істеу керек?

    Балаңыз 2 жасқа толған соң оны балабақшаға орналастыру үшін не істеу керек? Қандай жағдайда балабақша кезегінен шеттетіледі? Біз оқырмандарымызға «Астана ақшамы» газетіне сілтеме жасап елордада мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұру жүйесінің жай-жапсарын назарға ұсынамыз. Алдымен ата-ана электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, e.astana.kz электронды жүйесіне кіруі керек. Одан ке­йін баланың аты-жөні, ЖСН сияқты қажетті құжаттар толтырылады. Егер

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog