|  | 

Білім жарысы

Жансая Әбдімәлік бірінші партияда 2015 жылғы әлем чемпионын жеңіп алды

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласындағы шахматтан Әлем чемпионатына 18 жастағы қазақстандық Жансая Әбдімәлік қатысып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Жансаяның ширек финалдағы қарсыласы – 2015 жылы әлемдік біріншілікте чемпион атанған украиналық Мария Музычук. Бірінші партияда Жансая күтпеген жерден жеңіске жетті. Енді классикалық шахматтың екінші партиясы 13 қарашада болады. Егер есеп теңесетіндей болса, онда ертеңіне шахматшылар жеңімпазды тай-брейк арқылы анықтайды.

Ширек финалдағы алғашқы партияларда ресейлік Екатерина Лагно Қытай өкілі Лэй Тинцзэні жеңді. Ал Анна Музычук (Украина) – Александра Костенюк (Ресей) және Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – Гулрухбегим Тохирджонова (Өзбекстан) кездесулерінде әзірге тең нәтиже тіркеліп отыр.

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

    Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

    Жамбылдық оқушылар Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 7-рет қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқаудың республикалық кезеңіне  Жамбыл облысынан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Республикалық конкурстының биылғы ерекшелігі

  • Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

    Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас – Байтанаев оқулары-7» атты xалықаралық конференцияда павлодарлық оқушының жобасы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. – Мұндай xалықаралық шара осымен жетінші рет өтуде, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, ғылыми зерттеу жұмыстары бөлімінің басшысы Жанат Ибрагимова. – Осы жылы конференция жинақтары үш том болып басылды. Жыл

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog