Home >> Ұстаз үні >> «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР
«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

Елбасының биылғы дәстүрлі жолдауында білім және ғылым министрлігіне «педагог мәртебесі» туралы заң қабылдауды тапсырған еді. Осы тапсырмаға байланысты білім және ғылым министрлігі өзінің физбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына төмендегідей ақпарат ұсынды:

Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды.
Мектеп, колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. ҚР БҒМ барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды шақырады.
Заң жобалары әзірленген соң, Министрлік барлық аймақтарда осы заң жобаларын талқылау мақсатында жұмыс тобы мүшелерінің педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулерін ұйымдастыруды жоспарлауда.
Осы заң жобаларына қосар ұсыныстарыңызды bilimdiel.project@mail.ru электронды адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.
Ұсыныстар http://edu.gov.kz/ru/index.php,www.bilimdinews.kz электронды ресурсының «Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылаудамыз» бөлімінде және республикалық «Білімді ел» газетінде жарияланатын болады.

Осыған байланысты «ҚАЗБІЛІМ» ақпараттық порталы да ұстаздардың аталмыш заңға ұсыныстарын күнделікті жариялап, қоғам назарына ұсынуды жөн көрді. Заңға байланысты ұсыныстарыңыз болса жүйелеп, kazbilim@gmail.com электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. 

«ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ» ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫС

2018 жыл 5-қазан  күні Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арналған  кезекті  Жолдауын  жариялады.   Бұл жолғы Жолдау «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АТТЫРУ»  деп аталып,  ел  дамуының  басым  бағыттары  сараланып,  алдағы  уақытта  атқарылуы  керек  негізгі  6  міндет  белгілеп  берді.

Жолдауда атап көрсетілген міндет бұл біздің мемлекетіміздің негізгі дамуының тетігі. Сондықтан баршамыз  Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға жауаптымыз.

Елбасының биылғы дәстүрлі жолдауында білім және ғылым министрлігіне «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылдауды тапсырды. Жолдауда келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс деді!.

Мұғалім мамандығы – ежелден келе жатқан мамандықтардың бірі.

Бүгінгі күні мұғалім — тек қана білімді таратушы мамандық иесі емес, оның миссиясы – адамды адам, тұлға ретінде қалыптастыру. Мұғалімнің қоғамдағы орны әрдайым ерекше болған, өйткені ол жалпы білім берудің негізгі қағидаттарын иеленуші болып қала береді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында  «Елді модернизациялау Стратегиясын жүзеге асырудағы табыстар, ең алдымен, Қазақстан халқының біліміне, әлеуметтік және жеке әл-ауқатына байланысты» деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының педагогикалық үздіксіз білім беру тұжырымдамасында жаңа формациядағы педагогқа мынадай анықтама берілген: «Жаңа формациядағы мұғалім – бұл жоғары деңгейлі әдіскер, зерттеуші, әлеуметтік-жеке, коммуникативтік, ақпараттық-насихаттаумен

сипатталатын рухани-адамгершілік, азаматтық жауапкершілік, белсенді-жасампаз, экологиялық мәдениетті, шығармашылық, мәселерге жауап бере алатын, өзін-өзі дамытуға қабілетті тұлға». Осы тұжырымдамада айтылған анықтамаға сәйкес мұғалім мамандығына тек соттылығы мен психо норкологиялық анықтама ғана талап етілмей, мұғалімнің жеке мінез құлқы  қатаң ескерілу керек. Өйткені қазіргі қоғамда кездесіп жатқан балабақша тәрбиешілері және мұғалімдердің  дөрекі іс әрекеттері қоғамдық орталарда ішімдік ішіп отыруы сияқты өте оғаш іс әрекеттер және білімсіз педагог мұғалімнің мәртебесін мүлдем төмендетіп жіберді. Сондықтан мұғалімнің мәртебесін көтеру әлеуметтік кепілдіктермен емес, қатаң талаптармен көтеріледі деп есептеймін.

Сонымен мен өзімнің төмендегі ұсынысымды ұсынамын:

  1. Мектеп бітірген түлектердің педагогикалық мамандықты сырттай оқуына тыйым салу керек.
  2. Педагогикалық жоғарғы және арнаулы орта мамандығына оқуға түсетін мектеп бітірушілердің аттестатында қанағаттанарлық төмен баға болмау керек.
  3. Педагогикалық жоғарғы және арнаулы орта мамандығына оқуға түсетін абитуриенттің білімі тестілеумен емес, жазба жұмыстарымен (диктант, шығарма, мазмұндама және есеп бақылау, сызбалары) бағалану керек.
  4. Мұғалімнің қызметтік тиісті үлгідегі міндетті киім кию үлгісі және қоғамдық ортада педагогты бірден ажырата алатындай жеке төсбелгісі (оны педагог тағып жүруге міндетті) болу керек.
  5. Қылмыс жасаған, бөтеннің мүлкін ұрлаған, қоғамдық ортада әдеп сақтамаған, өз отбасын қасақана тастап кеткен және ішімдік ішіп көзге түскен және педагог қызметкердің отбасының бір мүшелері (баласы немесе жолдасы) қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін педагог қызметкерлерді білім саласынан мүлдем аластату керек.
  6. Шағын жинақты мектептерде, ауылдық елді мекендердегі мектепте мамандығына сәйкес емес пәндерден жүктеме беруге тыйым салу керек.
  7. Білім беру ұйымдарына басшылыққа алынатын қызметкерлердің лауазымы мемлекеттік әкімшілік қызметкер болу керек.
  8. Педагог қызметкер қосымша (өз кәсібіне байланысты емес) жеке кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салу керек.
  9. ҚР-ның «Білім» туралы заңына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бап енгізілу керек (ата-аналардан және оқушылардан ақша жинау немесе сыйлық алуға тыйым салу туралы).
  10. Педагог қызметкерді жұмысқа алғанда толық тексеруден өткізіп алу керек (мінез құлқы, арнайы есепте тұрмасада , алған білімі, әдебі (этикасы), отбасылық этикасы ).
  11. Ер азаматтарды педагогикалық қызметке тартудың бағдарламасын құру керек.
  12. Білім саласында көп жыл қызмет етіп, білім саласына зор үлес қосқан тәжірбиелі зейнеткер ұстаздардың әдістемелік үйін құру керек. Функциясы: білім беру ұйымдарының жас педагогтарына кеңес бағдар беру!
  13. Мұғалімдердің біліктілігін тестілеумен емес (қазіргі барлық педагогтардың назары ұлттық біліктілік тестілеуге ауып кетті), білім алушыларының нәтижелерімен бақылап, үстеме ақы қосу қажет.
  14. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі жүйе сияқты жалпы негізгі орта мектептерде де сынып жетекшілік міндетті жеке бір мұғалімге жүктеу керек.
  15. Мектеп оқушыларына жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспары арнайы Республикалық Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми академиясынан бекітіліп  келу керек.
  16. Педагог этикасы туралы курстар ұйымдастырып педагогтарды 5 жылда бір рет курстан өткізу керек.
  17. Білім беру ұйымдарына басшылыққа тағайындалған қызметкерлердің сол мекемедегі жұмыс атқару мерзімі 5 жылдан аспай «Ротация» жасау керек.
  18. Білім беру ұйымдарының басқарушылығын жергілікті әкімдікке емес, облыстық білім басқармасының басқаруына беру керек.

Қостанай облысы Жангелдин ауданы «Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ-нің құқықтық және кадрлық ұйымдастыру жөніндегі бас маманы Қасым Абай Қасымұлы

« Мұғалім мәртебесі » туралы Заң жобасына ұсыныс

  1. Мұғалімдердің зейнеткерлікке шығу жасын төмендету немесе еңбек өтіліне байланысты ерте шығару. Мұғалім жұмысы тек мектептегі іс-әрекетпен шектелмейтіні белгілі. Сабақтан тыс уақытта үлкен дайындықты, ізденісті қажет етеді. Осының барлығы әсіресе әйел адамдарға әсерлі.
  2. Қазіргі кезде сынып жетекшілеріне артылар жүк ауыр. Сондықтан арнайы сынып жетекші-тәрбиешілер енгізілсе, ол пән мұғалімі емес, оқушымен сабақ кезінде, сабақтан тыс уақыттағы әрекеттерін назарда ұстап, бақылауға алар еді.
  3. Апталық сағат жүктемелерін 18-ден 16-ға, бастауыш сыныпта 18-ден 14-ке дейін төмендетсе. Себебі, бастауыш сыныптарда жекелеген пәндерді сол пәннің мамандары жүргізеді. Тиісінше бастауыш сынып мұғалімі өз оқушыларының үй тапсырмасын орындауға, үлгірмеген пәндері бойынша қосымша кеңестер берер еді. Ата-аналар тарапынан үй тапсырмасы, қосымша сабақтар туралы ұсыныстар көп түседі.
  4. 20-25 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер аттестаттау барысында  Ұлттық аттестаттау тестілеуден өткізбей-ақ, нәтижеге байланысты сараптама жасалса.

Қызылорда облысы; Қазалы ауданы; Әйтеке би кенті; Жанқожа батыр атындағы  №70 орта мектептің кәсіодақ ұйымының төрайымы

 Шамшадинова Лаззат Жеткербаевна

 

 

 

 

 

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

One Comment

  1. Жандос Оспанбаев:

    Сәлеметсіздер ме!
    Педагог мәртебесі дегенде «педагог» түсінігін анықтап алу қажет, яғни бұл заңда ол тек мектеп мұғалімдерін ғана білдіре ме, жоқ әлде колледж және ЖОО оқытушыларын да қамти ма? Себебі, қазір ЖОО оқытушыларының нақты мәртебесі анықталмаған. Алайда, олар да мектеп мұғалімдері сияқты қосымша жұмыстар мен қоғамдық жүктемелерді орындайды: сайлау кезінде студенттердің қатысуын қамтамасыз етеді, сабақты сенбілікке студенттерді алып шығады, студенттердің кәмелеттік жасқа толып кеткендігіне қарамастан жатақханада кезекшілік атқарады, басқа да өзінің тікелей кәсіби міндетіне жатпайтын қоғамдық жұмыстармен айналысады. Сондықтан, ЖОО оқытушыларына да «педагог» мәртебесі беріліп, оның қоғамдағы орны мен рөлі, жұмыс орнындағы азаматтық құқығы мен адамзаттық ар-ожданы осы заңмен айқындалып, қорғалуы тиіс деп санаймын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top