|  | 

Керекті кеңес

«100 жаңа оқулық» кітаптары дүкенде сатылымға шықты

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шыққан кітаптар «Меломан» дүкендерінде сатыла бастады. Бұл туралы мәліметті «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рауан Кенжеханұлының жазуынша, «100 жаңа оқулыққа» енген кітаптардың электронды нұсқаларын www.OpenU.kz (Қазақстанның ашық университеті) сайтынан тегін оқуға болады.

«Оқулықтарды дүкенге шығару кітапты сатып алғысы келетін көпшіліктің сұрауы бойынша арнайы ұйымдастырылды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шыққан әр кітаптың 10 мың дана таралымы 110 оқу орнына тегін таратылды. Сатылып жатқан кітаптар одан бөлек, қосымша басылды. Алғашқы 18 оқулықтың дүкендегі құны кітап көлеміне қарай 1 790 (198 бет) теңгеден 7 850 (831 бет) теңге аралығында. Жақын арада бұл оқулықтарға онлайн дүкендер арқылы бұдан да арзан бағамен тапсырыс беруге болады», – деп жазады Рауан Кенжеханұлы.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Басқа елде мектеп бітіру шарасы қалай өтеді?

    Басқа елде мектеп бітіру шарасы қалай өтеді?

    Әр елдің салты басқа… «Соңғы қоңырау» мерекесі — мектеп бітіріп жатқан балалардың да, олардың ата-аналарының да өміріндегі ең бір есте қаларлық оқиғалардың бірі. Мектепті бітіру балалықпен қоштасуды және ұлы істер мен жаңалықтарға жол бастайтын алғашқы қадамды білдіреді. Мектеппен қоштасуды әр елде әрқалай атап өтеді. Бәзбіреулер таң атқанша дүрілдетіп тұрып тойлайды, енді біреулер үшін «Соңғы қоңырау»

  • Студенттер жоғары шәкіртақыны қандай жағдайда алады

    Студенттер жоғары шәкіртақыны қандай жағдайда алады

    ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспары туралы айтты Шәкіртақыны 30 пайызға дейін көтеру әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы жүргізілуде. Бұл тұрғыда волонтерлік қозғалысқа қатысты болып тұр, яғни репетиторлықта көмек көрсететін, қарттар үйлерінде, балалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ басқа да салаларда әрекет ететін студенттер қамтылмақ», – деді министр елордадағы көпбалалы аналармен кездесу барысында.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog