|  | 

Керекті кеңес

Н.Назарбаев: Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-дар қалуы керек

«Жоғары білім саласында оқу орындарына талаптар қатая түседі. Гранттардың санын өсірдік. Ендігі кезекте жауапкершілікті арттыратын уақыт келді. ЖОО-ның табыстылығының басты талабы – оқу біткеннен кейін студенттердің жұмыспен қамтылуы, олардың жоғары айлығы бар жұмысқа орналасуы болмақ. Университетті бітіргеннен кейін – түлектердің халі не болды, оларды айлығы жақсы жұмысқа қабылдады ма? Солай болса, демек, университет мықты деген сөз. Олай болмаса, бұл университеттің өміршеңдігі де жоқ. Ол университетке студенттердің түспейтіні анық», – деді Президент.

«Осы жылы барлық университеттер түлектерді дайындап шығарды. Қай университеттен қаншасы жұмысқа орналаса алды? Ол туралы жариялы түрде айтып, баспаға жариялап, телеарнадан көрсету керек. Міне, сондықтан ЖОО-ларды ірілендіру саясатын жүргізу керек. Біздің елде 130-дан астам университет бар. Шыны керек, олардың саны бұрын 200-ге жуық еді. Әлбетте, ЖОО-ларға қарсы емеспін, кімнің қайда оқысы келсе, сонда оқысын. Бірақ, ешкімге қажет болмай қалатын адамдарды дайындаудың, жай диплом бере салудың керегі не?» – деді Мемлекет басшысы.

«Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-дар қалуы керек. Жаһандық университеттермен ынтымақтастықты жалғастырып, Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша әлемнің үздік топ-менеджерлерін тарту керек. Әлбетте, Назарбаев Университетіне қомақты қаражат бөлініп жатыр деуі де мүмкін. Бірақ, басқа университеттер – Алматыдағы Экономика және сауда университеті ме еді – тартып жатыр ғой. Олар да сәтті жұмыс істеуде. ҚазҰУ-да солай сәтті жұмыс бабында. Қазіргі білім беру инфрақұрылымының базасы негізінде Назарбаев Университетінің үлгісі бойынша тағы бір аймақтық ЖОО ашу керек деп есептеймін», – деді Президент.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс – маман пікірі

    Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс – маман пікірі

    Қазақстанға кемінде 10 мың бағдарламашы, ІТ-маманы қажет. Бұл туралы Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы айтты. «Қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім саласында көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Сол атқарылып жатқан жұмыстардың басы-қасында жүрген біздің компания да бұл іске өз үлесін қосып отыр. Бүгінгі күні цифрлық білім дәрежесін көтеру мақсатында ең бірінші

  • “Болашақ” бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық

    “Болашақ” бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық

    “Болашақ” бағдарламасының биылғы жылғы алғашқы иегерлері белгілі болды. 134 қазақстандыққа стипендия тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында белгілі болды. Шәкіртақы иегерлері магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog