|  | 

Жаңалық

Тендердің салдарынан тентіреген оқушылар

Талдықорғандағы №16 орта мектеп-гимназиясының оқушылары жаңа оқу жылын тозығы жеткен парталарда қарсы алды. Балалар отырып білім алатын мектеп жиһаздары шетінен үгітіліп жатыр, деп хабарлайды KAZBILIM порталы ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап.

Бұл білім шаңырағында 840 оқушы оқып жатыр. Мектеп директоры Салтанат Сүлейменованың айтуынша, олар парталарды 100 пайыз ауыстыру үшін қалалық білім бөліміне тапсырыс берген. Бірақ әлі күнге дейін мектепке жаңа стол орындықтар жеткізілмеген. Ал Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныстың сөзінше, парталардың кешігіп жатқанына тендер мәселесі себеп болыпты.

«Шілде айында берілген тендер ойналмай қалды. Біріншісінде ешкім түскен жоқ. Екіншісінде екі компания түсіп, қаржылық бақылау органдары біреуін алып тастағанның арқасында тағы да ойналмай қалды. Енді үшінші рет біржақты келісім жасалып, алынып жатыр», – деді Д.Жаныс.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді

    Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді

    Нәтижесінде 60 оқушыға жылдық “QAZBILIM” гранты беріледі.  Білім – таза бизнеске айналмауы керек, бұл – біздің орталықтың басты ұстанымы. Қазбілім – қазақ баласына мүмкіндік сыйлауы керек, бұл – Қазбілім ұжымының басты мақсаты. Осы мақсатта үш жылдан бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеміз. Ол мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау

  • 15 мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстемеақыларын алды

    15 мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстемеақыларын алды

    Еліміздің прокуратура органдарының қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн  теңгеден астам төленбеген үстемеақы төленді. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасынан мәлім болды «Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog