|  | 

Жаңалық

Заңсыз ақша жинаған мұғалімдерге қайда шағымдануға болады?

Елорда қаласының Білім басқармасы білім мекемелерінде ақша жинау фактілерін болдырмауға бағытталған акцияны іске қосты, деп хабарлайды Қазбілім сайты Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Алым-салыққа жол жоқ шарасы «Астана – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлескен жоба.

«Егер білім беру мекемелерінде заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз 55-68-83, 55-68-73 телефон номерлеріне хабарласуды сұраймыз», – деді Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Айта кетейік, қала мектептерінің қажеттілігі үшін бюджеттен 149 атау бойынша қаржы бөлінеді. Оның ішінде әкімшілік персонал үшін кеңсе заттары (бор, табельдер, мақтау қағаздары және т.б.), санитарлық тазалықты қамтамасыз ететін заттар, сантехникалық жабдықтар, спорттық тауарлар (доп, торлар, қанаттар және т.б.), құрылыс материалдары бар.

Ал балалары балабақшаға баратын ата-аналар ай сайынғы төлемнен бөлек, келесі заттарды өз қаражаттарына сатып алулары тиіс: кеңсе заттарын (ермексаз, қатты қағаз, түрлі-түсті қағаз, қарандаштар, бояулар, фломастер, альбом, қайшы, желім және т.б); жұмыс дәптерлерін (жоғары және даярлық топтары үшін). Бұдан бөлек, кезекшілік және демалыс күндергі топтар үшін, дамыту және білім беру үйірмелері үшін ақы ата-ананың қалауы бойынша төленеді.

Еске салайық, 2018 жылдың 28 тамызында Астана қалалық Білім басқармасының ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салынатыны туралы бұйрығы шықты. Бұйрықтың орындалуына бақылауды Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өзі жүргізбек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елордада сингапурлық білім беру жүйесі бойынша мектеп, колледж ашылады

    Елордада сингапурлық білім беру жүйесі бойынша мектеп, колледж ашылады

    Астанада сингапурлық білім беру жүйесі бойынша балабақша, мектеп және колледж ашу көзделіп отыр, деп хабарлайды Қазбілім әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. Астана қаласының әкімдігі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және сингапурлық «Pegasus Education Group» компаниясы Астанадағы білім беру жүйесін дамытуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды. «Жобаның басты мақсаты: «Астана қаласында үздіксіз білім алу үшін – балабақша –

  • ҰБТ-ға дайындайтын орталықтардың жұмысына талдау жүргізіледі

    ҰБТ-ға дайындайтын орталықтардың жұмысына талдау жүргізіледі

    “Астана – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі мектеп пен колледж түлектерін тестілеуге дайындайтын орталықтардың жұмысын талдайды”. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді. “Астана – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің білім беру бағыты аясында жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға, колледж түлектерін – кешенді тестілеуге дайындау процесіндегі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog