|  | 

Керекті кеңес

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесі өзгерді

Білім және ғылым министрлігі балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережесіндегі толықтырулар мен өзгертулерді жариялады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді», – делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Яғни, қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар биылдан бастап 1 сыныпқа бара алады. Өйткені балалар күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толып, мектепке қабылдану құқығына ие болады.

«Білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері білім алу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Білім беру ұйымына қабылдаудан бас тартқан жағдайда, білім алушының ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері жергілікті білім басқармаларына шағымдана алады», – деп хабарлады министрлік. Сондай-ақ, бірінші сыныпқа балаларды қабылдауға қажетті құжаттар тізімінен мекенжай анықтамасы алып тасталды. Құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

Ал, бұл өзгерістер туралы Республикалық KAZBILIM орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлының пікірін сұраған едік, ол: 

– бала кемінде 6 жастан 6 ай аспай беруге болмайды. Баланың кішкене кезінде білінбеуі мүмікін, бірақ, баланың ерте миы қатю, 40 қа жетпей кәрілік белгі беру секілді құбылыстар болуы мүмкін. Ғылымда 6 жасқа дейін тек ойын түрлері қарастырлыған, қолына қалам алса тек сурет салуға кеңес береді. Бірақ өкінішке біздікілер 6 жастағы балаға 6 тіл үйреткісі келеді, – бұл үлкен қателік, – дейді ұстаз. 

Сіз балаңызды неше жаста оқуға беру өзіңіздің еркіңізде екенін ескертеміз.

Қазбілім ақпарат.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов: ҰБТ-ға «шпаргалка» немесе телефон алып кіру – бас қатыратын артық әрекет

    Асхат Аймағамбетов: ҰБТ-ға «шпаргалка» немесе телефон алып кіру – бас қатыратын артық әрекет

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғалы отырған түлектерге бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Баласы атқа мінсе, ата-анасы тақымын қысып отырады. Сондықтан, балалар үлкен емтихан тапсыратын кезде ата-аналар қатты қобалжиды. Кей уақытта балалардан бұрын ата-анасы қатты уайымға батып жатады. Сол себепті ата-аналар өз баласына сенуі керек. Бұл – кәдімгі емтихан. Жаңа

  • ҰБТ тапсыратын түлектерге ескертер 8 мәселе…

    ҰБТ тапсыратын түлектерге ескертер 8 мәселе…

    Барша 2019 жылғы түлектерге сәттілік тілей отырып, мына сегіз мәселені ескерткім келеді. 1. Әр түрлі қитұрқы ақпарат өте көп тарайды, сол үшін де ешқандай ақпаратқа мән бермеңіздер. Ватцап немесе әлеуметтік желі мен сайттар таратқан ақпаратқа мән бермеңіздер… Басты мақсаттарың тек қана ҰБТ-ны сәтті тапсыру болсын! 2. Ешқандай шпорға сенбеңіздер. Шпордан ешқандай пайда жоқ. Ол –

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog