Home >> Ұстаз үні >> Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту бағытында М. Монтессори педагогикасын пайдалану
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту бағытында М. Монтессори педагогикасын пайдалану

(балабақшасының іс- тәжірибесінен)

Бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру кеңістігінде білім беру мақсаттары туралы түсініктер өзгеріп отыр. Бұл білім беру үдерістерін ұйымдастыруға басқа тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Өйткені  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан — 2030» стратегиясында  негізгі бағыттардың бірі ретінде   білімі мен білігі жағынана өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандақтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі    айтылған. Қоғам дамуындағы,  өзгерiстер мен бiлiм беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға сәбилiк шақтан бастап    тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту бағытында толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен бiлiм беруге аса жауапты қарауды басты мiндет етiп қойып отыр.  Сондықтан    болашақ ұрпаққа білім беруде жас өркеннің болмыс бітімі, талғам таразысы, талап деңгейін айқындай отырып, оларға нені оқыту керек, қандай білім беру керек деген мәселені нақтылап алу қажет.

Дана халқымыз: «Қиындыққа мойыма, ұмтыл-дағы іспен жең. Мақсатсыз жан өмірде қанаты жоқ құспен тең» деген.

Дамыған елдерге тән ерекшелік – халқының, азаматтарының рухы ояу, асқақ болады. Олар өздерін ешкімнен кем санамайды.  Дамыған елдің адамы – нағыз патриот: өз елін, өз жерін, Отанын сүйеді, өз тілін, дәстүрін, әдебиетін,тарихын біледі, қадір тұтады.     Мәңгілік ел – мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық идея.    «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің негізіне біздің әкелеріміз, біздің ата-бабаларымыз армандаған, барлық басты құндылықтар енгізілген, ұлттық идея ұсынылған. Біздің педагогикалық күш-жігеріміз өз елінің нағыз азаматы, өз халқын, өз Отанын, туған-туыстары мен жақындарын жақсы көретін, шығармашыл және дарынды адам етіп өсіруге бағытталуы қажет.   Заманауи қоғам, белсенді, шығармашыл, ішкі сезімі еркін, өз-өзін бағалайтын және өзінің бірегейлігі мен тәуелсіз, алайда сонымен қатар жалпы адамзат құндылықтарына бағытталған,  жағдайда  өмір сүре білетін адамды тәрбиелеу қажеттілігін барған сайын өткір сезініп отыр. Осыған байланысты отандық педагогика жетістіктерін пайдаланумен қатар заманауи қазақстандық білім беру үшін, гуманистік бағытымен педагогиканың құрылымдық идеяларынан тұратын, шетел тәжірибелері өзекті болып отыр.   Осы инновациялық қозғалыста итальяндық педагог Мария Монтессори жүйесі ерекше орын алады.

М.Монтессоридің маңызды енгізген жаңалығы дәстүрлі сынып-сағаттық жүйесін бұзу және әрбір тәрбиеленушіге маңызды автономия мен дербестік құқығын мойындауға, өз жұмыс қарқыны мен білімді игерудің ерекше тәсілдерінен құрылған, 3 жастан 12-і жасқа дейінгі балаларға арналған бірегей оқу үдерістерін құру болып табылады.

«Маған осыны өзім жасауға көмектес» сөздері Монтессори мектебінің ұраны болып қалыптасқандығы кездейсоқ жәйт емес. Монтессори бойынша білім беру ұраны: «Мұны өзімнің жасауыма маған көмектес!»

Сабақта балалар  өздерін еркін ұстайды, егер ол қажет болса, әзірленген ортада қозғалады. Балалар оларға дәл осы жерде және қазір қызықты болып табылатын, материалды педагог тарапынан еш қысым жасалмастан таңдап алады, сонымен қатар, олар осы материалдың күрделілік  деңгейін дербес реттейді. Сондай-ақ  әрекет етуге арналған орынды таңдау да оларға қалдырылады және кішкентай бүлдіршіндер әрине өз жұмысының ұзақтығы мен оны орындау түрін де: топпен немесе жеке, өздері анықтайды.

Дербес болу өмір тәжірибесінен жаттығулар көмегімен бекітіледі: балалар нағыз инемен түйме қадайды, ыстық (ойыншық емес) үтікпен киім үтіктейді, аяқ киімге арналған қарапайым креммен аяқ киімін тазалайды, нан және көкөністерді, жеткілікті өткір пышақпен кеседі және т.б. Олар тамақтану кезінде өздеріне толық қызмет көрсетеді: асхана аспаптарын қояды, сулық пен нан әкеледі, өздері салат жасайды және үстелге әкеліп қояды, сусынды стакандарға құяды және т.б., сонымен қатар бұл жерде үлкендері кішкентайларына көмектеседі. Балалар жақын уақытта ересек адамның көмегінсіз өздеріне қызмет ете алады: өздері киінеді, жуынады, үстел жаяды және тіпті қарапайым тамақты да  өздері пісіре алады.  Бала «Мен өзім» деп айтқан уақытта оған осындай мүмкіндік беру үшін, біз барлығын жасаймыз, себебі бүлдіршіндердің дербестігі мен тәуелсіздікке ұмтылысын  ересек адамдар құрметтейді, тәрбиелеу үдерістері бекітіледі және қолдайды.

Білмейтін адамға, Монтиссори педагогикасы балаларға, олардың талаптары, еркеліктері мен бір сәттік қалауларымен айқындалатын, шектеусіз еркіндік ұсынатын сияқты болып көрінеміз. Ал шын мәнінде  балаларға   шыдамдылық және табандылықпен, олардың еркіндігі басқа адамдардың еркіндігімен шектелетіндігі, ал басқа адамдармен келісу қажеттігі туралы фактіні түсіну мен қабылдауға  көмектесеміз. Монтессори өзінің еркіндік түсінігін баланың үлкендердің еркіне тәуелді болмау деп түсіндірді. Бұл дегеніміз баланың үлкендердің минималды көмегі арқылы өзіне қызмет етуі, жаңаны игере білуі, маңызды шешімді өзі қабылдауы мен баланың даралық құқығын қорғау болып табылады.

Тәртіп пен еркіндіктің үйлесімі арқылы
• қарапайым ережелерді сақтап тәртіпке үйренеді
• дербестікке үйренеді
• жан — жақты, ықыласты болады
• саналы таңдау жасауға үйренеді
• бақылағыштыққа үйренеді
• өзін және басқа адамдарды қадірлеуді үйренеді
• тұлға ретінде өзін — өзі қалыптастырады
• сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі
• келісім жасасып, бірге әрекеттенуге үйренеді
• жауапкершілікті сезінуді үйренеді

Педагогтың міндеті
• Ең негізгі міндеті – балаларға өзін — өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау
• Балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру
• Балалардың іс — әрекетін бақылап, тек қажет кезінде көмек көрсетеді
• Дидактикалық материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету
• Топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыру, келіспеушілікті шешу
• Баланың әрі қарай өзін дамытуда бағыт береді

Топта сақталатын ережелер
• еркін жүріп тұрады
• қолданған затын ескертусіз жинап орнына қояды
• қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрау
• үлкен балалар жаңа келген балаларды үйретеді
• жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді
• бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу
• басқа балаларға бөгет болмау
• тыныштықты сақтайды

Баланың өз мінез-құлқы, өз іс-әрекетін басқаруға көмектесетін, қағида, «өз-өзінің шебері болу», Монтессори-ортасындағы сабақтарда да жеткілікті: «Әрбір бұйым, ойыншық немесе затты алған орнына қайтадан қою қажет», «Бастаған істі аяғына дейін жеткізу маңызды», «Басқаларға кедергі жасамайтындай етіп, жұмыс істеу қажет» және т.б.

Бала үшін Монтессори-материалдары әлемнің есігін ашатын кілт болып табылады,соның арқасында өзінің әлем туралы бейберекет және өңделмеген әсерін ретке келтіреді және сезінуге үйренеді. Олардың көмегімен бала мәдениетке және заманауи өркениетке ұштасады. Өз тәжірибесімен табиғатты түсінуге және онда бағыт алуға үйренеді. Монтессориға сәйкес әзірленген «дайындалған ортада» бала барлық дене және рухани қызметтерін жаттықтыра алады, өзінің рухани тұтастығын қалыптастырады және жан-жақты дамиды. Дайындалған ортада ретке келтіру құралы арқылы ол өзінің алдыңғы тәжірибесін жүйеге келтіруге үйренеді.

Материалдар балалардың әрекет ету ұмтылысына жауап береді. Кішкентай бала көзін, қолы мен аяғын үйлестіруді жетілдіреді, бұл нақты және үйлесімді іс-әрекеттер жасау қабілетін шығаруға көмек көрсетеді. Әлем осы сөздің шынайы мағынасына қол жеткізеді. Әсерлері және сезімімен бірге қосылған қозғалыс рухани дамуы үшін негізін қалайды.

Материалдарға өзінің дербес қатынасы арқылы бала әртүрлі дағдыларды меңгереді. Ол мақсат қоюға және оған қол жеткізу үшін сәйкес жолын таба білуге үйренеді. Материалдардың күшті тартымдылығы арқылы бала заттарға қызығушылық танытады. Білуге құмарлық және материалдармен жұмыс істегеннен алған ләззаттан, оған әлемді түсінуге көмектесетін, онда ішкі уәждеме сезімі пайда болады. Ол барлығын өзі ретке келтіруге ұмтылады және тек оның дамуын бақылайтын және оларға қаншалықты қажет болса, соншалықты жанама түрде басшылық жасайтын,  педагогтың кішігірім көмегін қажет етеді. Заманның талабына сай тәрбиелеп отырған балаларымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу — бүгінгі әлемнің күрделі тынысында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.  Сондықтан мен Монтессори педагогикасы бойынша жұмыс істеу барысында Монтессори құралдарымен жұмыс істеу мақсатын сақтай отырып, ұлтымыздың әдет – ғұрпын, салт дәстүрін ашатын ұлттық нақыштағы құралдарды  қолданамын. Мысалы «Күнделікті өмір тәжірибесі» бөлімінде балалар нан турап, көкөністер мен жемістерді қолданып, салат жасаса, мен ұннан  қамыр  илеп, балаларға сол иленген қамырды бөліп беріп, бауырсақ кестіремін. Оны асханадағы аспазшы апайлар майға пісіріп берсе балаларға  бауырсақ «ұлттық тағам» — деп нанның қадірін айтып түсіндіремін.  Қонақжайлылыққа тәрбиелей отырып, дастарханды жаюда әдемі оюланған аққұман, кеселерді қолданамын.  Сондай – ақ Монтессори педагогикасында  «Математика» бөлімінде санға затты сәйкестендіруді игеруге арналған «Үршық»- деп аталатын құрал бар.  Мне балаларға бұл құралды таныстыру алдында ертеден келе жатқан халқымыздың қолөнерінде    жүннен жіп иіруге қолданатын ұршықты көрсетіп таныстырамын.  Бейнелеу өнері бөлімінде қағаздан тек жолақтар қыйғызып қана қоймай, ою — өрнектерді қиюға арналған трофореттерді қолданып, текеметтер, ыдыс- аяқтарды безендіруді ұсынамын.  Балалар берілген заттарды өрнектеп қана қоймай сонымен қатар олардың қайшымен, желіммен жұмыс істеу барысында қолдарының ұсақ моторикасы дамып, алдағы уақытта  қалам ұстап, жазу қабілеттері қалыптасады.

Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім сезімдерін дамыту мақсатында монтессори педагогикасындағы «Тіл дамыту» бөлімінде үлкен және кіші қозғалмалы алфавиттерді қолданып, өзінің аты- жөнін,  ата- анасына, отанына деген құрметті жаза білуге үйренеді. Бұл тіл дамыту бөлімінде  қозғалмалы әріптер алдымен ағылшын тілінде кейін орыс тілінде болса, заманның талабына сай қазақ тілі әріптері де жасалған. Балалар бұл бөлімде үлкен қызығушылықпен жұмыс жасайды.

Монтесори құралдарының «Ғарыш әлемі» бөлімінде әр елдің карталары, тулары, жан – жануарлар, өсімдіктер, т/б көптеген айнала қоршаған әлем туралы құралдар   берілген. Мен балаларға еліміздің картасын қарата отырып, жан – жануарлары мен өсімдіктерімен таныстыра отырып, оның қандай үлкен, кеңбайтақ екенін түсіндіремін. «Сендер осы елдің болашағысыңдар, оны    қадірлеп қорғау, дамыту  енді сендердің қолдарыңда!»- деп балаларды өз отанын сүюге, оны құрметтей білуге тәрбиелеймін. Жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда  балалардың    әр жолы, өсіп келе жатқан дербестігі мен бастамашылдығын болашақта мектепте табысты оқуымен байланыстыра білу үшін, балалардың алдына жаңа мүмкіндіктер ашуға тырысатынымды айтқым келеді.

Тилегенова Гульнара Советаевна

Астана қаласы, №32 «Балдәурен» балабақшасы, жоғары санатты тәрбиеші

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top