|  | 

Жаңалық

УНИВЕРСИТЕТТЕР САНЫН ҚЫСҚАРТУ ҚАЖЕТ – МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ

Қазақстанда университеттер санын қысқарту қажет. Бұл туралы бүгін «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген кітаптардың тасырылымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір министрлікке күнде келіп, университет ашайық дейді. Қалтасына ақша түссе университет ашуға ұмтылады. Бізде 130 университет бар, оны қысқартту керек. Бізге оның саны емес, сапасы қажет. Қазір рейтинг жүргізіледі. Рейтинг жүргізілген кезде ІТ-технологиядан, жаңашылдықтан, техникадан, инженерліктен қалай деген кезде барлық үлкен университеттеріміз артта қалды. Жай жеке университеттер алдыға шықты. Осы жағдайдан кейін мына университеттер өзінен-өзі қалады. Себебі біз оларға грант бере алмаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы университеттер сақталып қаламын десе заманға сай болуы тиістігін қатаң ескертті.

«Біз жастарға құр әшейін диплом алу үшін оқымау керектігін айтуға тиіспіз. Кезінде ол заманнан да өткенбіз. Қалтасында бірнеше диломы болғанымен жай жүрген, жұмыс таба алмай жүрген қаншама азамат бар. Сондықтан мысалы университеттің 4-курсынан бастап студенттерді 80-85 пайызын бизнес адамдары жұмысқа тартып алатын болса, онда ол нағыз университет», – деп атап өтті ҚР Президенті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Елімізде биылғы жылдың алғашқы 6 айында 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалды, олардың басым бөлігі білім беру саласында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда республикада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мектепке дейін мекемелерге (балабақша) деген шұғыл қажеттілік мәселесі шешілген. «1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1,29

  • Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік әйелдер педагогика институтын жақында 71 қазақ қызы бітіріп шықты. Олардың көпшілігі алыстағы қазақ аудандарындағы орта мектептерге оқытушылық қызметіне аттанды. Бүгін газетімізде институтты тұңғыш рет бітіріп шыққан жас педагог қыздарға арналған материалдар және оқуды отлично бағамен аяқтағандардың пікірлерін беріп отырмыз. Жарқын өмірге жолдама Қазақтың мемлекеттік әйелдер институтын тұңғыш рет бітіріп, үлкен өмірге маңызды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog