|  | 

Керекті кеңес

Асхат Алимов. Сабақ құрылымы бойынша ұсыныстар

(уақыты мөлшерлеп көрсетілген)

1. Раппорт (сенім) орнату – 30 сек.
2. Тақырыпты жариялау, оның негізгі сұрақтары мен оқушылардың бұрынғы білімдерін айқындау – 1-1,5 мин.
3. Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау (5 минутқа дейін):
– Сіздер бүгін сабақта не үйренгілеріңіз келеді?
– Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болады?
Оқушылар осы екі сұраққа жауап бермей, сабақты бастауға болмайды.
Бағалау критерийлері (кейде «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтижелер» деп те атайды) қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау үшін беріледі.

4. Сабақтың басы (Бұл кезеңді «Проблема айқындау» немесе «Қызығушылықты ояту», «Қажеттілік тудыру», «Мотивациялау кезеңі» деп те атауға болады). Бұл кезеңде үш мақсат жүзеге асырылады: 1) Қарастырылатын тақырып бойынша оқушылар бұрынғы білімдерін есіне түсіреді. 2) Оқушылар белсенді әрекеттерге жұмылдырылады. 3) Үйренудің мақсаттарын айқындау арқылы оқушылар ойлау жұмысына ынталандырылады.
Мұғалімнің міндеттері:
– Оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіреді.
Оқушылардың міндеттері:
– Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды.
– Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды.
– Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады.
– «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап іздейді.

4.1. Тапсырма №1 мен оның орындау тәсілін ұсыну (мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторды талқылау) – 1 мин.
4.2. Тапсырманы орындау – 4-10 мин.
– Мұғалім бақылайды, кері байланыс ұсынады, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, сынып/топ/жұп жұмысын үйлестіреді.
4.3. Тапсырманы орындаудың нәтижелерін бағалау (оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды), талқылау, қорытындылау – 2-4 мин.
– «Не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Қалай орындадық? Мақсатқа жеттік пе? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» секілді сұрақтарды талқылау.

5. Сабақтың ортасы – жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі, мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады (Бұл кезеңді «Проблема шешу» немесе «Мағынаны ашу», «Өз қолымен жасау/орындау», «Операциялық кезең» деп те атауға болады). 
Мұғалімнің міндеттері:
– оқушыларға материалды игерудің белсенді тәсілдерін ұсынады;
– оқушылардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасайды.
Оқушылардың міндеттері:
– жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысады,
– мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады;
– ұсынылған негізгі тапсырманы орындап, жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады;
– «Қалайша жаңа білімге үйренемін/ оны түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.

5.1. Тапсырма №2 мен оның орындау тәсілін ұсыну (мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторды талқылау) – 1 мин.
5.2. Тапсырманы орындау – 8-20 мин.
– Мұғалім бақылайды, кері байланыс ұсынады, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, сынып/топ/жұп жұмысын үйлестіреді.
5.3. Тапсырманы орындаудың нәтижелерін бағалау (оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды), талқылау, қорытындылау – 2-4 мин.
– «Не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Қалай орындадық? Мақсатқа жеттік пе? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» секілді сұрақтарды талқылау – 3-5 мин.

6. Сабақтың аяғы – үйренгенді айқындау және бағалау, проблема бойынша шешім қабылдау кезеңі (Бұл кезеңді «Проблема шешімін қорытындылау» немесе «Бағалау-рефлексиялық кезең» деп те атауға болады).
Мұғалімнің міндеттері:
– оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша алған білімдерін айқындап, оны бағалап, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.
Оқушылардың міндеттері:
– осы сабақта білгендері мен үйренгенін дәлелдейді, үйренгендерін тұжырымдайды;
– олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;
– өзінің жаңа біліміне баға береді;
– сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.
– жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қалай қолданадтындығын айтады;
– «Не білдім/үйрендім? Менің қандай жетістіктерім болды? Нені сәтті жасай алдым? Оның себебі қандай? Қандай кедергілер болды? Нені сәтті жасай алмадым? Оның себебі қандай? Бұл білім маған не үшін керек? Бұл білімнің қолданысы қандай? Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын? Тағы да не білгім келеді?» деген секілді сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
6.1. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма №3 және оны орындау тәсілі (мақсаты мен бағалау критерийлерін, жазбаша берілген дескрипторды талқылау). Сабақтың бағалау критерийлері осы жерде қадағаланады.
6.2. Тапсырманы орындау – 4-10 мин.
– мұғалім бақылайды, кері байланыс ұсынады, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, оқушылардың үйрену деңгейлері бойынша өзі үшін қорытындылар жасайды.
6.3. Тексеру (өзін-өзі немесе бірін-бірі) және тапсырманы орындаудың (тексеру) нәтижелерін талқылау, қорытындылау (2-8 мин.):
– «Не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Қалай орындадық? Мақсатқа жеттік пе? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» секілді сұрақтарды талқылау.

7. Рефлексия: сабақ нәтижелерін талқылау, қорытындылау (2-5 мин.):
– «Не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Қалай орындадық? Мақсатқа жеттік пе? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» секілді сұрақтарды талқылау.
8. Үйге берілген тапсырманы талқылау (мақсатын, орындалу жолдарын) – 1 минуттан бастап оқушылар түсінбейінше тоқтатпау керек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Астанада оқушыларды әлеуметтік қолдаудың қандай түрлері бар

    Астанада оқушыларды әлеуметтік қолдаудың қандай түрлері бар

    Астана бюджетінің жартысынан көбі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталады. Ұсынылатын жеңілдіктер туралы қалалық білім басқармасы айтып берді, деп хабарлайды Қазбілім елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап Ведомствоның ақпаратына қарағанда, тегін тамақтандыру қызметі бастауыш сынып оқушыларының барлығына, 5-11 сынып оқушыларының әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататын балаларына көрсетіледі. Жалпылай алғанда, қызметтің бұл түрімен 78 мың

  • Астанада баланы балабақшаға орналастыру үшін не істеу керек?

    Астанада баланы балабақшаға орналастыру үшін не істеу керек?

    Балаңыз 2 жасқа толған соң оны балабақшаға орналастыру үшін не істеу керек? Қандай жағдайда балабақша кезегінен шеттетіледі? Біз оқырмандарымызға «Астана ақшамы» газетіне сілтеме жасап елордада мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұру жүйесінің жай-жапсарын назарға ұсынамыз. Алдымен ата-ана электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, e.astana.kz электронды жүйесіне кіруі керек. Одан ке­йін баланың аты-жөні, ЖСН сияқты қажетті құжаттар толтырылады. Егер

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog