|  | 

Керекті кеңес

ҰБТ-2018: тест сұрақтары 50 пайызға жаңартылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары 50 пайызға жаңартылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.

Әлімқұловтың айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тапсырыс төңірегінде тест тапсырмаларын жыл сайын 35%-ға жаңартады екен. Бірақ биыл оны 50 пайызға жаңартыпты.

2018 жылғы тест тапсырмалары 120 мың сұрақтан тұрады. Ал, бұл көрсеткіш 2017 жылы 80 мыңды көрсеткен болатын.

«120 мың сұрақтың 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға арналған. Ал, 37 пайызға жуығында тест тапсырмаларының жауабы бір немесе одан да көп нұсқамен белгіленді. Осындай сұрақтардың барлығы оқушының ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, таңдау пәнін тереңірек түсінуге де өз септігін тигізеді. Ал, жауапты пән саналатын математика болса функционалды сауаттылықты анықтауға бағытталған. Бұл әлемдік талаптарға сай келеді», – деді Рамазан Әлімқұлов.

ҰБТ-2018 сұрақтарында кездесетін сұрақтар қазір онлайн дайындық тесттеріне енгізіліп үлгерген екен. Сондай-ақ, Орталық директоры осы жолғы тестте Қазақстанның танымал тұлғалары туралы сұрақтардың болмайтынын жеткізді.

«Дайындық тестілеу жұмыстары ҰБТ-дан сәтті өтуімізге көмектесетін қосымша механизм. Дегенмен, ҰБТ-да мектепте оқып кеткен ақпараттар қамтылатын болады. Егер оқушы әдебиетті түсінбесе, қайтадан мұқият оқуға тура келеді», – деп кеңес берді ол.

sn.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу жайлы Білім министрлігінің бұйрығы бар ма?

    Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу жайлы Білім министрлігінің бұйрығы бар ма?

    Жуырда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «Білім министрлігің бұйрығына сәйкес, енді сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15833 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарай бастаған еді. Бүгін мұның анық-қанығын БАҚ-қа арналған брифингке қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың өзінен сұраған едік. – деп жазды zhaikpress.kz сайты. – Әлеуметтік желі арқылы тараған барлық ақпаратқа сене беруге

  • Магистратура және докторантураға оқуға түсу ережесі өзгертілді

    Магистратура және докторантураға оқуға түсу ережесі өзгертілді

    Біріншіден, магистратураға гранттар келесі жылдан бастап үміткерлердің бірыңғай емтиханының қорытындысы бойынша бөлінетін болады. Егер осыған дейін магистратураға гранттар ЖОО берілген болса, және олар өздері тапсырма дайындаған, өздері емтихан өткізіп, түсту туралы шешімді өздері қабылдаған болған, енді GMAT форматы бойынша бірыңғай емтихан болады. Яғни үміткерлерге Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін кешендік тестілеуден өту керек. Осы тестілеудің нәтижесі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog