|  | 

Білім жарысы

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің деректері бойынша қазақстандық білім беру топ-40 қатарына кірді

Legatum Institute халықаралық зерттеу орталығы 2017 жылдың қорытындысы бойынша гүлдену индексін жариялады, онда 149 мемлекеттің ішінен барлық параметрлер бойынша Қазақстан 72-орынға ие болды.

 Рейтинг Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік Сауда ұйымы, Gallup, Economist Intelligence Unit, IDC, Pyramid Research ұсынған статистикалық деректер бойынша жасалған. Индекс экономика, кәсіпкерлік, басқару, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жеке бостандық, әлеуметтік капитал, экология секілді қоғам өмірінің аспектілері мен қоғамдық әл-ауқаттылық параметрлерін көрсететін көрсеткіштер негізінде шығарылған.Бұл зерттеуге Қазақстан 2006 жылдан бастап қатысады және осы уақыт бойы біз 20 орынға жоғарыладық, ал өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 83-орыннан 72-орынға, яғни 11 позицияға алға жылжыды.

Барлық ТМД елдерінің ішінен 26-орынды иеленген Ресейге ғана жол беріп, білім индексі бойынша Қазақстан 35-орын алды. Сонымен қатар,Legatum Instituteдеректері бойынша білім деңгейі бізде Қытай мен Түркияға қарағанда жоғары.

Қазақстанның гүлдену индексіне келтірілген түсініктемелерде Қазақстанда білім деңгейі мықты екендігі көрсетілген. Бұл еліміздің әрдайым Білім санаты бойынша 40 мықты елдер қатарында болуымен дәлелденеді. Мемлекетіміз Орталық және Батыс Азия бойынша білім саласында үздік деп танылды және 2011 жылы ЮНЕСКО «Баршаға арналған білім» индексінде бірінші орын алды.
Есепке сәйкес Қазақстандағы білім деңгейі орташа әлемдік деңгейден және оның өңірлік құрдастары Тәжікстан мен Қырғызстан деңгейінен әлдеқайда асып түседі.

Жетістіктер кездейсоқ емес, себебі «Қазақстан 2050» бағдарламасы аясында Қазақстан халықтың сауаттылық деңгейін 99,8% -ға дейін көтеру және халықтың бастауыш сыныптарды 100%  аяқтауы үшін зор күш салып жатыр. Білім теңсіздігі көрсеткіші өте төмен, ал қыз балалар мен ер балаларды қамту коэффициенті әлемдегі ең жақсыларының бірі. Барлығы үшін тегін және міндетті орта білімнің болуы мемлекеттің орта білімнің ең жоғары көрсеткішіне жетуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мектепке дейінгі оқыту бағдарламасын кеңейтіп, келесі онжылдықта Қазақстан білім берудің барлық деңгейінде ірі реформалар жүргізуді жалғастырмақ.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алматыда жас математиктер марапатталды

    Алматыда жас математиктер марапатталды

    Алматыда республикалық  «Бастау» турнирі өтті. Бұл байқауда Қазақстандағы ең үздік математик оқушылар марапатталды. ҚР Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен 2-4 сынып оқушылары Назарбаев Интеллектуалды мектебінің базасында екі күн бойы математикалық білімін сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир  балалардың математикалық білімдерін нығайтып, қолдауға бағытталған. «Барлық тапсырмалар математикалық логикаға сүйеніп жасалды. Бұл тапсырмаларды шешу баланы дұрыс қорытынды шығаруға, дұрыс шешім

  • Назарбаев университетіне қалай түсуге болады?

    Назарбаев университетіне қалай түсуге болады?

    Назарбаев университеті Назарбаев университеті бүгінде Қазақстандағы әлемдік стандартта білім беретін, Қазақстандық жоғары оқу орындары рейтингісіндегі №1 университет. Оның мүмкіндіктері мен онда оқыған студенттердің болашағы туралы үлкен үміт күтуге болады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. Назарбаев университетінің негізгі қағидаты — білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog