|  |  | 

Жаңалық Редактор бағаны

ЕҢ МАҢЫЗДЫ САЛАНЫҢ ҚАДІРІН ОСЫНША КЕТІРУ КІМГЕ КЕРЕК?!?

Бірде осы биылдан басталған ұлттық біріңғай тестке және «Алтын белгіге» байланысты өзгерістерді естігенде білім министрлігінің сол кездегі орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Алпамысқызына дәл осындай былықтың боларын ескертіп ем, әттең біздікілер «білме, білгеннің тілін алма», — деген қарғысқа ұшыраған ғой.
Қалай ақтаған күннің өзінде «Алтын белгі» деген дардай атақтың мүмкіндігімен 58 балмен түскен мамандыққа үздік куәлігі бар немесе соған жақын оқушының 125 балмен түсе алмауы ешқандай да ақтайтын дүние емес.

Биылғы грант бөлінісі министрлік жұмысының сапасын көрсетті, ол шалалық, реформа мен заңнаманың бір біріне сәйкеспеуі! Нақтырақ айтқанда бейкәсібилік!!!
Биыл елдегі алтынға үміткерлердің 95 пайызы алтын алып, жалпы мектеп бітіргендердің 10 мыңға жуығы «Алтын белгі» иегері атанғанын ескерсек, мемлекет тарапынан бөлінген 36 мың гранттың төрттен бірі сол сапалы, сапасыз алтындардың қанжығасында… Бұл – кезінде бір рет бір пәннен үшке түсіп қалған немесе сыныбы жоғарылаған сайын оқуға талпынысы артқан, белгілі себептермен алтынға ілікпей қалған, 11-сыныпқа келгенде ұйқы көрмей ізденген, т.б. қарапайым қабілетті балалардың арманынан айыру немесе мақсатынан бұру!
Жыл басында «әр таңдау пәніне сәйкес мамандықтар тізбесін нақты жариялаңдар, бітіруші тағдырымен ойнамаңдар» деп шырылдап ек, соңғы сәтке келгенде кезекті мәрте және министрлік бейкәсіби екенін көрсетті.
Осыдан кейін біздің министрді немесе министрлікті ақтау ұрпақтың тағдырымен ойнау!!!
Менің алаңдайтыным, ертең грант иегерлері тізімі қайта қаралады, — деді, сонда бүгін грант иегері атандым деп алақайлап жүрген бала ертең грантынан қайта айырылса немесе университет мамандығы өзгерсе шу басылама, керісінше өршиді…. Бұл тығырықтан тек үстеме грант бөліп қана құтылады, бұл мемлекеттік бюджетке шығын, қосымша студент қабылдауға университет дайын ба?! Сұрақ көп…
Министр қасына экономистерді емес, саланың жілігін шағып, майын ішкендерді жинағаны дұрыс болар… Атам қазақ «өзің көтере алмас шоқпарды белге байламас керек» деген еді, министр де көтере алмас шоқпарды белінен тастап бизнесіне қарай кеткені абзал шығар. Ұрпақ тағдыры әркім келіп ойын ойнайтын, кәсібін ашатын бизнес саласы емес…

Аятжан Ахметжан

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    Солтүстік Қазақстан облысында биыл үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген білім мекемелері күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл облыстағы мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі 12 есеге ұлғаймақшы. 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бағытталады.  Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.

  • Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында қазіргі таңда оқушыларды үш ауысыммен оқытатын 34 мектеп бар. Мәселені шешу үшін биыл – 7, келер жылы 15 мектеп пайдалануға берілмек. Алматы облысы тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, өңір республикадағы халқы көп аймақтың біріне айналды. Ішкі миграция мен халықтың табиғи өсімі салдарынан облыстың кейбір аудандарында оқушыларды үш ауысымда оқытуға тура келіп отыр. «Бұл

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog