Home >> Білім жарысы >> 2017 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі
2017 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі-ҰБТ) еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде ағымдағы жылдың 20-27 маусымы аралығында, кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10(11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3%) қазақ тілінде және 20 968 (23,6%) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Жергілікті атқару органдарының мәліметінше 35 000 аса түлектер ҰБТ өткізу пункттеріне (бұдан әрі- ҰБТӨП) жеткізіліп, тамақпен қамтамасыз етілген және олардың 11 000 жатар жаймен қамтамасыз етілген. Факт бойынша 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4% құрады.

ҰБТ жүргізу үшін аймақтарға 1815 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің өкілдері (75% жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы, 25% колледж мұғалімдері) жіберілді. Ұйымдастыру сұрақтарын шешу мен ҰБТ мониторингін жүргізу үшін  өткізу орындарында білім беру мекемелерінің басшыларынан, жергілікті атқарушы органдарынан, құқыққорғау қызметтері, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдар қызметтернің өкілдерінен тұратын саны 965 адам мемлекеттік коммисия құрылған. Сонымен қатар, алдыңғы жылдардағы сияқты ҰБТӨП-ке ауа баптағыштар қойылып, медициналық (психологиялық) көмек пункттері ұйымдастырылды және қауіпсіздік қамтамасыз етуші қызметшілер кезекшілікте тұрды. Ағымдағы жылы бірінші рет бұлтты интернет іске қосылды. Бұл қызмет барлық адамға Қазақстанның кез келген нүктесінде өтіп жатқан тестілеу барысын қадағалауға және құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге айтарлықтай септігін тизізді.

ҰБТ-ның өткізу ережесі мен тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 12 адам шығарылды. Тестілеу барысында 85446 тыйым салынған заттар, сонын ішінде 43394 электрондық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б) және 42052 қағаз жүзінде (шпаргалка, оқулықтар және т.б) алынды.

Өткізу орындарындағы жетекші мұғалім – пән мұғалімдерінен құралған аппеляциялық комиссия мүшелерінің саны – 3300 адам, республикалық аппеляциялық комиссия – 54. Республикалық аппеляциялық комиссияға мазмұны бойынша 199 тест тапсырмалары түсіп, оның 103 қанағаттандырылды. Техникалық себептерге байланысты келіп түскен 12 тест тапсырманың 7-і қанағаттандырылды.

Қазақстан бойынша бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 80,5 % (мүмкін болған 140 баллдан). Былтырғы жылғы көрсеткіш (мүмкін болған 125 баллдан)  81 % болды. Шектік деңгейден, яғни 50 балл алған 74 517 ((84,1%), оның ішінде 60-65 балл: 5935 (7,9%), 66-119 балл: 52 717 (70,7%), 120 – 139 балл – 5 064 (6,8%). Шектік деңгейден өте алмағандар саны  14 066 адам (15,8%). 

Ең жоғары балл жинаған Алматы қаласындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ бітірушісі Тасан Саят Елтайұлы – 139 балл, 7 адам – 138 балл жинады.

2017 жылы ҰБТ өткізу барысындағы барлық іс-шара штаттық тәртіпте өтті. Халық ҰБТ-ның жаңа форматын жақсы қабылдады.

Төменде осы ҰБТ және КТ нәтижелері бойынша берілген 2017 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімін ұсынамыз…

Тізімінің Pdf форматын жүктеу үшін басыңыз…

Тізімінің Excel  форматын жүктеу үшін басыңыз..

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны.
Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top