|  | 

Керекті кеңес

Биылғы мемлекеттік білім гранттарының саны көбейді.

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа – 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп.  Магистратураға – 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға – 1285 орын бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек», – деп жауап берді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.
«2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы шілде айының екінші бөлігінде жарияланады.

Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуде педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету салаларының мамандықтарына басымдық беріледі.

www.inform.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру жүйесін өзгертуге байланысты ВВС басылымы қандай жауап тапты?

    Білім беру жүйесін өзгертуге байланысты ВВС басылымы қандай жауап тапты?

    Смартфон баланың есте сақтау қабілетіне де, ақпаратты қабылдауына да әсер ететіні белгілі. Бірақ осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесі өзгерістерді қажет ете ме? ВВС басылымы осы сұраққа жауап іздеп көріпті. «Қазіргі оқушылардың проблемасы – олар смартфондағы қосымшаларға үйреніп алғаны сонша, жан-жақтарына елеңдеп отыратын болған. 10 – 24 жас аралығындағы Z ұрпақ пен 0 – 9 жас аралығындағы

  • МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУЫ КЕРЕК?

    МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУЫ КЕРЕК?

    «Нұр Отан» партия­сының «Мектеп асха­на­лары» жобасын іске асыру шеңберінде оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай, Wellness коуч, психолог және саламатты өмір салты бойынша сарапшы Александра Соболеваның ата-аналарға арналған сала­матты тамақтану туралы кеңестерін жариялауды жөн көрдік. Кез келген ата-ана үшін өз бала­сының дені сау болып өскені, мықты болып

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog