|  | 

Керекті кеңес

Бейіндік пәндердің шектік баллы 15-тен 5-ке түсті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 шілдедегі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” №412 қаулысы жарияланды.

Бұл қаулыда:

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілер ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған) бітірушілері қабылданады.

Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҮБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді. Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.» – делінген.

egemen.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру жүйесін өзгертуге байланысты ВВС басылымы қандай жауап тапты?

    Білім беру жүйесін өзгертуге байланысты ВВС басылымы қандай жауап тапты?

    Смартфон баланың есте сақтау қабілетіне де, ақпаратты қабылдауына да әсер ететіні белгілі. Бірақ осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесі өзгерістерді қажет ете ме? ВВС басылымы осы сұраққа жауап іздеп көріпті. «Қазіргі оқушылардың проблемасы – олар смартфондағы қосымшаларға үйреніп алғаны сонша, жан-жақтарына елеңдеп отыратын болған. 10 – 24 жас аралығындағы Z ұрпақ пен 0 – 9 жас аралығындағы

  • МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУЫ КЕРЕК?

    МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУЫ КЕРЕК?

    «Нұр Отан» партия­сының «Мектеп асха­на­лары» жобасын іске асыру шеңберінде оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай, Wellness коуч, психолог және саламатты өмір салты бойынша сарапшы Александра Соболеваның ата-аналарға арналған сала­матты тамақтану туралы кеңестерін жариялауды жөн көрдік. Кез келген ата-ана үшін өз бала­сының дені сау болып өскені, мықты болып

1 пікір

  1. жавохир

    Сəлеметсіздерме мен ЕНТде 62 балл жинадим таңдаған пəнім біреу 8 балл болды екіншісі 15 ал мен грант бола аламын ба?

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog