Home >> Білім жарысы >> ҰБТ-2017 бесінші, алтыншы күндердің қортындысы
ҰБТ-2017 бесінші, алтыншы күндердің қортындысы

2017 жылғы 24 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпарат

2017 жылдың 24 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 8410 өтініш берген жоғары оқуорнына түсушілердің 8161(97,04%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде – 6665, орыс тілінде –1496 адам. ҰБТ 60 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

Тәртіп бұзғаны үшін1 адам аудиториядан шығарылды, ал оның жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күнінде 14 244 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 79,05.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 – қазақ тілінде және 23618 – орыс тілінде.

2017 жылғы 25 маусымда ҰБТ өткізу  туралы ақпарат

2017 жылдың 25 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4202 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 4113 (97,88%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде – 3428, орыс тілінде – 685 адам. Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алтыншы күнінде 4348 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 78,94.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92 827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69 209 – қазақ тілінде және 23 618 – орыс тілінде.

Қазбілім ақпарат

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны.
Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top