Home >> Көкейтесті >> «Қазақстанға білім алу мақсатында көшіп келу: Білім және ғылым министрлігінің кезекті міндеттері» атты дөңгелек үстел өтеді
«Қазақстанға білім алу мақсатында көшіп келу: Білім және ғылым министрлігінің кезекті міндеттері» атты дөңгелек үстел өтеді

2017 жылғы 24 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы шеңберінде «Қазақстанға білім алу мақсатында көшіп келу: Білім және ғылым министрлігінің кезекті міндеттері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізіледі, – деп хабарлайды Қазбілім порталы тілшісі.

Оған әлемнің 40 елінен келген 85 этникалық қазақ делегаты қатысады. 

Бүгінгі күні қазақстандық колледждерде 1305, ал жоғары оқу орындарында 2620 Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ жастар білім алуда.

Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім алуға мемлекеттік білім гранттары жыл сайын бөлінуде. Мысалға, 2016 жылы 1400 грант бөлінді.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу, білім алу туралы құжаттарды нострификациялау, виза алу және қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланабақ.

Сонымен қатар, бірқатар қандастарымыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық марапаттарымен, соның ішінде «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталмақ.

Өтетін орны: Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәулет-құрылыс факультеті ғимараты.

Басталуы сағат 10:00-де.

Аккредиттеу: pressa.edu@gmail.com және 74-2414 телефоны арқылы жүргізіледі.

kazbilim.kz

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top