|  | 

Білім жарысы

ҰБТ-ның 2-3-ші күнінің қорытындысы

2017 жылғы 21 маусымда ҰБТ өткізу  туралы ақпарат

2017 жылдың 21 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (2-лек) 23339 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 22036 (94,4%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -15663, орыс тілінде – 6373 адам. ҰБТ 63 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

Тәртіп бұзғаны үшін 4 адам аудиторияларынан шығарылды, ал олардың жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 10595 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 78,23.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 – қазақ тілінде және 23618 – орыс тілінде.

 

2017 жылғы 22 маусымда ҰБТ өткізу  туралы ақпарат

2017 жылдың 22 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 18490 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 17650 (95,4%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -13 569, орыс тілінде – 4081 адам. ҰБТ 58 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

Тәртіп бұзғаны үшін 3 адам аудиторияларынан шығарылды, ал олардың жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінде 16071  тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 79,20.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 – қазақ тілінде және 23618 – орыс тілінде.

kazbilim.kz 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

    Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

    Жамбылдық оқушылар Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 7-рет қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқаудың республикалық кезеңіне  Жамбыл облысынан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Республикалық конкурстының биылғы ерекшелігі

  • Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

    Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас – Байтанаев оқулары-7» атты xалықаралық конференцияда павлодарлық оқушының жобасы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. – Мұндай xалықаралық шара осымен жетінші рет өтуде, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, ғылыми зерттеу жұмыстары бөлімінің басшысы Жанат Ибрагимова. – Осы жылы конференция жинақтары үш том болып басылды. Жыл

1 пікір

  1. Аягөз

    Биыл ҰБТ мүлде əділ өтіп жатқан жоқ.Менде биылғы түлекпін.Қызылорда облысы Қазалы ауданы 249лицейде тапсырдық.Біздің 3аудиторияны қатты қыспаққа алды,тіптен стресс болып білетінімізді ұмытып қалдық.Ал 1этаж аудиторияларының кезекшілері мүлдем шығып кетті,ал аудиториядағы оқушылар шпор сотка қолданып 130,132,129 балл алып шықты.Тіптен 30минутта белгілеп тастап бір біріне қағаздан ұшақ жасап ұшырып отырды.Кей жерлерде кезекшілер пара алған.Бұл недеген бассыздық!Сонда шынайы білімімен 90-100балл алып шыққандар қайда қалады?Жазығымыз не байдың баласы болмағанымыз,не болмаса кезекшіміздің дұрыс болмағаныма.3,5аудитория кезекшілері тым қатаң болғаны сондай,стресс болдық мүлдем,білгенімізді ұмытып не белгілеп шыққанымызды өзіміз білмейміз.Кітаптың бетін ашпаған оқушылар таныс тамыр,сотка шпордың арқасында 120-130-135ке дейін алып шықты.11жыл бойы терлеп тепшіп оқыған біздің еңбегіміз қайда қалады сонда?
    Қанша керемет оқушы болсада биылғы сұрақтар тым ауыр болды!Көп болса 115балл алуға болар!Ал 115баллдан жоғары алғандар шынайы біліммен алмағаны айдан анық!ҰБТны қайта өткізу керек!!!Биылғы бітіруші түлек атынан арнайы Білім министрлеріне жолдаймын!!!Егер шын əділдікті жақтар болсаңыз ҰБТны қайта өткізіңіз!Жəне бəрінің əділ өтуіңіз қадағалаңыз!

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog