|  | 

Керекті кеңес

«USTAZ» білім беру орталығы ағылшын тілі курстарын бастайды

Осы жылдың 11 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС арасында жасалған келісімшарт шеңберінде «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша курстар басталды.

Бұл курстардың мақсаты — жалпы республиканың білім беру мектептерінің пән мұғалімдерін ағылшын тіліне және өз пәндерін ағылшын тілінде сабақ беру негіздерін игеруге үйрету. Курстар «Билингвалды (қостілді) пән оқытушысы» авторлық білім беру бағдарламасы бойынша өткізіледі. «Билингвалды (қостілді) пән оқытушысы» білім беру бағдарламасы «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері оқытушыларының оқу процесіндегі біліктілігін арттыру барысында еліміздің білім беру жүйесіндегі үштілділік мәселесінде маңызы зор.

Бұл бағдарлама ағылшын тілінде жүзеге асырылады және тілді білу деңгейін жақсарту және оқыту әдістерін пайдалануды жақсартуда кешенді тәсілді қамтамасыз етеді. Курс республиканың 23 аумағында, соның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтары мен жергілікті ауылдарда. Аталған курста 1749 пән мұғалімдері білім алады. Курс ағылшын тілі бойынша 480 академиялық сағат және 4 кезеңнен тұрады: 1-кезең (бастапқы кезең): A1 деңгейінде ағылшын тілін үйрену (120 академиялық сағат). 2-кезең (қарапайым заңдылықтарды үйрену): A2 деңгейінде ағылшын тілін үйрену (144 академиялық сағат). 3-кезең (өз бетімен үйрену): B1 деңгейінде ағылшын тілін үйрену (144 академиялық сағат). 4-кезең: Пәндік курс: ағылшын тілін оқытудағы терминологияда және оқытудың негіздері (72 академиялық сағат).

Курстың алғашқы үш кезеңі аптасына қатысушылардың негізгі жұмыс үдерісіне кедергі келтірмейтін жағдайда аптасына 15 сағаттан жүргізілетін болады. Курстың төртінші кезеңінде сабақ оқу үдерісін толықтай қамту үшін 8 сағаттан 5 (бес) күн бойы жүргізіледі. Оқыту барысын объективті түрде бағалау әрі меңгерген білім сапасын бақылау мақсатында, қатысушылар әрбір кезеңінің соңында ресми халықаралық емтиханын тапсырады.

Нәтижесінде, тілді меңгеру деңгейі бойынша CEFR (Common Europen Framework of Reference) шкаласы көрсетілген халықаралық сертификатқа ие болады. Пән мұғалімдері (биология, химия, физика, информатика) тілді меңгеру курсының нәтижесінде, әрбір мұғалім:
– Жалпыеуропалық ауқымдағы (CEFR) көрсеткіші бойынша B1 деңгейіне ағылшын тілін білу деңгейін көтере алады;
– өзі сабақ беретін пән бойынша ғылыми тақырыптық терминологияларды ағылшын тілінде меңгереді;
– оқушылардың оқу-тәрбие қызығушылық жақсартумен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруіне мүмкіндік жасайды;
– ағылшын тілін оқыту үшін нысан — тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) техникасын пайдалануға болады;
– сабақ беруде түрлі инновациялық әдістерді үйренеді.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу жайлы Білім министрлігінің бұйрығы бар ма?

    Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу жайлы Білім министрлігінің бұйрығы бар ма?

    Жуырда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «Білім министрлігің бұйрығына сәйкес, енді сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15833 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарай бастаған еді. Бүгін мұның анық-қанығын БАҚ-қа арналған брифингке қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың өзінен сұраған едік. – деп жазды zhaikpress.kz сайты. – Әлеуметтік желі арқылы тараған барлық ақпаратқа сене беруге

  • Магистратура және докторантураға оқуға түсу ережесі өзгертілді

    Магистратура және докторантураға оқуға түсу ережесі өзгертілді

    Біріншіден, магистратураға гранттар келесі жылдан бастап үміткерлердің бірыңғай емтиханының қорытындысы бойынша бөлінетін болады. Егер осыған дейін магистратураға гранттар ЖОО берілген болса, және олар өздері тапсырма дайындаған, өздері емтихан өткізіп, түсту туралы шешімді өздері қабылдаған болған, енді GMAT форматы бойынша бірыңғай емтихан болады. Яғни үміткерлерге Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін кешендік тестілеуден өту керек. Осы тестілеудің нәтижесі

1 пікір

  1. Марал

    Сәлеметсіздер ме! Мен Алматы қаласынан.Қазақ тілі пәнінің оқытушысы.Сіздің курсқа қалай жазылсам болады.Бағасы қанша

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog